Астананың құрметті азаматтары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу | |||||
Сабақтың мақсаттары | Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу | |||||
Бағалау критерийі | жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне ескеріп, құрылымын сақтай отырып мінездеме құрастырып жазу | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Мінездеме, құрметті азамат, Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша ..., Мен ... деп ойлаймын, себебі ... Біріншіден, ... Қорыта айтқанда, ... Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірейік, ... | |||||
Құндылықтарды игерту | Өмір бойы оқу, туған елге сүйіспеншілік, құрмет | |||||
Пәнаралық байланыс | география | |||||
Бастапқы білім | Астананың тұрғындары | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту «Атом-молекула» әдісі Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Жұпқа бөлу әдісі: Оқушылар сыныпта жайлы әуенмен қозғалып жүреді. Мұғалімнің сөздері: «Сіздер бос кеңістікте қалқып жүрген жалғыз атомсыңдар. Сендер басқа атомдармен ақырын соқтығысып ұшып жүрсіңдер. Алайда кейде сіздер бірігіп, молекулаға айналасыңдар. Бұны менің белгім бойынша жасайсыңдар. Молекуладағы атом санын өзім айтамын». Аз уақыттан кейін мұғалім музыканы тоқтатып, бір сан айтады, мысалы: «төрт». Оқушылар 4 адам болып бірігеді. Осылай бірнеше рет қайталап, «2» санында тоқталады. Оқушылар сол жұптармен жұмыс жасайды. Жұптар анықталғаннан кейін мұғалім тақтаға бірнеше сөз жазады:
Жұмыс алгоритмі: оқушылар өз жұбын тақтада жазылған талап бойынша қысқаша (2-3 сөйлеммен) таныстыру үшін 2 минут дайындалады. Уақыт аяқталғаннан барлығы шеңберге тұрып өз жұптарын таныстырады. Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақта меңгеретін оқу мақсаты мен жаңа орындаған жаттығумен байланыстырып, сабақты бастайды, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| |||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-15 15-30 30-35 | Жазылым алды тапсырма
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі 1-қадам. Оқушыларға тақырып беріледі. Мұғалім сынып бөлмесінің қабырғаларына бірнеше мәтін іліп қояды. Бұл адамдардың Астананың құрметті азаматтары екенін айтады. Оқушылар мәтіндермен мұқият оқып танысады. 2-қадам. Топтардың тапсырмалары анықталады. 1. Ұсынылған мәселе бойынша мәліметтер жинақтау. Оқушылар сыныпты аралап, мәтіндердің мазмұнымен танысып шығады. Оқып шыққаннан кейін орындарына отырып, төмендегі сұрақтарды қамтып, А4 парағына «Мінездеме» сөзіне қатысты ақпараттарды топтастырады. Яғни, мәтіндердің негізінде мінездеме жазудың талаптарын тізіп шығады: барлық мәтіндерде кейіпкердің аты-жөні, оның туған жылы, жері, қызметі, отбасы туралы жазылатындығына назар аударады. 2. Мұғалім оқушыларды мінездемені жазу ерекшеліктерімен таныстырады: Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 1) тақырыбы; 2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет; 3) негізгі мәтін; 4) қорытынды; 5) мінездемені талап етуші үйымның аты; 6) мінездеме берілген күн, ай, жыл; 7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы; 8) қосымша (егер болса). Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады. Келесі тапсырманы орындаған кезде осы ерекшеліктерді ескеруін сұрайды. Мұғалім кейбір оқушылар үшін мінездеменің үлгісін ұсына алады. Бұл – оқушының жеке қабілетін ескере отырып жасалатын саралау. Жазылым тапсырмасы 3-қадам. Топтардың тапсырманы орындауы Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. «Астананың құрметті азаматы» мәтініндегі бір тұлғаға мінездеме жазады. Жазылымнан кейінгі тапсырма 4-қадам. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. Оқушылар «Конвейер» әдісі арқылы бір-бірінің жазған мінездемелерін оқиды. Мына мәселелерге назар аударады: А. Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В. Жинақталған деректердің құндылығы. С. Оқушының тақырыпты зерттеудегі шеберлігі. 5-қадам. Топтардың жұмыстарын бағалауы.
Дескриптор:
| 1-қосымша 1-таратпа 2-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия Сабақтан алған ақпараттары бойынша рефлексия жасайды. «Табыс сатысы» 1-баспалдақ – «Мен ... білемін» 2-баспалдақ – «Мен ... түсінемін» 3-баспалдақ – «Мен ... жасай аламын» Сабақты қорытындылау Мұғалім «Астананың құрметті азаматы» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Ел мерейі болып отырған астанамыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың өнегелі істері туралы айта отырып, сабақты қорытындылайды. Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?