Астананың құрметті азаматтары. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 12 сабақ


 1-қосымша

 Сынып бөлмесінің қабырғаларына ілуге арналған мәтіндер

 

 

Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы 27.05.1937 ж.

 Қазақстан Республикасы Президент мәдениет орталығының директоры, академик. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 377/47-ІІІ шешімімен табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі, Қазақстанның елордасы Астана қаласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 06.07.1940 ж.

 Қазақстан Республикасының Президенті.

 Астана қаласы мәслихатының 1998 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен Астананың Қазақстан Республикасының елордасы ретінде құрылуына, қалыптасуына және болашақты дамуына қосқан орасан үлесі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Төлегенова Бибігүл Ахметқызы 16.12.1929 ж.

 КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ мемлекеттік консерваториясының профессоры, Социалистік Еңбек Ері.

 Астана қаласы мәслихатының 1999 жылғы 19 қарашадағы № 9/2-ІІ шешімімен музыка мәдениетіне зор үлес қосқаны, жемісті оқу-педагогикалық қызметі үшін және Астана қаласының Қазақстан Республикасының елордасы ретінде қалыптасуына белсенді қатысқаны үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Шерхан Мұртаза 28.09.1932 ж.

 Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

 Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 4 қазандағы №191/35-II шешімімен Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына, оның елордасы Астананың гүлденуіне қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін «Астана қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

«Биопоэма» стратегиясы

 Бұл стратегия арқылы сабақты қорытындылауға болады немесе сабақ мақсатына байланысты өзгертіп отыруға болады.Тапсырманы топта талдай отырып орындайды.

«Биопоэма» стратегиясының құрылымы:

1.Аты.

2.Үш-төрт етістік.

3.Басқалармен қарым қатынасы

4.Үш-төрт ұнатқан заты

5.Екі-үш басынан өткізген сезімі

6.Екі-үш жеткен дәрежесі нәтижесі, шыңы.

7.Көргісі келетін немесе көргенде сезім ұялататын екі-үш заты

8.Ол қорықпайтын екі-үш зат

9.Мекенжайы

10.Тегі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу