Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация.


Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры

Оқу мақсаты:

Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру

Бағалау критерийі:

-мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды;

-стиль түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы танып, салыстырады.

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Жұптық жұмыс

Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз. Жауабыңызды жұбыңызбен алмасып, толықтырулар енгізіңіз.

Жәудір: Назерке, кешегі мектептегі хабарландыруды естідің бе?

Назерке: Қандай хабарландыру естімедім, Жәудір?

Жәудір: Тарих пәнінің мұғалімі бізді қаламыздағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Д.Рамазанның "Абылайханның арманы" тарихи драмасына алып барады екен. Сен барасың ба?

Назерке: Сағат нешеде болады?

Жәудір: 18:30-да басталады.

Назерке: Жоқ. Мен бара алмайм.

Жәудір: Неге бармайсың?

Назерке: Қойш, уақытым жоқ!

Жәудір: Ал мен бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, тарихымыздан сыр шертетін қойылымды тамашалап қайтамын.

Дескрипор Білім алушы

- мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;

- жұбының жұмысымен салыстырады;

-қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.

2-тапсырма

Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз.

Дескрипор Білім алушы

- мәтіннің ұқсастығын анықтайды;

- мәтіннің жанрын, формасын, мазмұнын талдайды;

- мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады.

Рефлексия

1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдым?

2. Сабақ мақсатына жетуде қай тапсырманы орындау қиындық туғызды?

3.Бүгінгі сабақта сыныптастарыңыз тапсырманы қалай орындады?

Кері байланыс

Үйге тапсырма:

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық драма театры туралы ақпарат жинау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу