Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Әлемнің жеті кереметі» Күні: Сынып: 6 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Семирамиданың аспалы бағы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау . 6.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальды ақпаратты анықтайды. | |||||
Бағалау критерийлері | Тыңдалған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді; детальды ақпаратты анықтайды.
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер біріншіден, екіншіден, менің ойымша, сол себепті, қорытындылай келе. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу, құрмет | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | «Неге? Неге?» ойыны. Мұғалім сабақты ойыннан бастайды. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, сабақтың тақырыбына қатысты тұжырым айтудан бастайды да, тұжырымның соңын неге деген сұрақпен жалғап, қасындағы оқушыға бағыттайды. Осылайша, келесі оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға бағыттайды. Ойынды мұғалім өзі бірінші бастайды. Мысалы: Әлемнің жеті кереметінің қатарына Семирамида аспалы бағы енді. Неге? Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | |||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 5 минут 10 минут | Тыңдалым алдындағы тапсырма: Оқушыларға аспалы бақтың суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап, бақты бес сөзбен суреттейді. Тыңдалым тапсырмасы: Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін екі рет тыңдатады. Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды. Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Аспалы бақтың қалай салынғаны туралы мәтінде айтылады. Оқушылар тыңдалым мәтіні бойынша тізбекті жалғап жазады. Айтылым Оқушыларға тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтары беріледі. Оқушылар талқылау сұрақтарын «Үш қадамдық сұхбат» тәсілі арқылы талқылап, жауап береді. Шарты: Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В. 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады. 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі. Талқылау сұрақтары:
| ` https://boz.kz/article/82617171346567.html таратпа материалдар Оқу бағдарламасы | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Сабақтың соңында мұғалім сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлеріне қайта оралады. Оқушылар қаншалықты қол жеткізгендері туралы ойланып, жауап береді. Мұғалім кері байланыс орнату мақсатында төмендегі сұрақтарды ұсынады. | Стикерлер | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?