Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Әлемнің жеті кереметі» Күні: Сынып: 6 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әлемнің жеті кереметі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О6. Оқылым стратегияларын қолдану 6.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Мысыр, сәулет өнері, ескерткіштер, ғажайып, құрылыс, құнды, мұра Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Біздің ойымызша, .... деп ойлаймыз, соның негізінде, сол себепті, біріншіден, екіншіден, қорыта айтқанда | |||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||
Пәнаралық байланыстар | тарих | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдерді оқушылардың оқылым дағдысы дамытылды. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту. Оқушылар жұпта жүмыс жасайды. Жұптағы оқушылар1,2 бөлінеді. Бірінші сандағы оқушыларға жеті кереметтің суреттері беріледі. Олар қолдарындағы суреттерді екінші сандағы оқушыларға жасырады. Екінші сандағы оқушылар не екенін табулары керек. Сабақтың тақырыбы анықталған соң, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. | |||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Оқылым алдындағы тапсырма. Әлемнің жеті кереметін не біріктіреді және қандай айырмашылықтары бар? Осы туралы ойланып, венн диаграммасын толтырыңыз. Оқылым тапсырмасы Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар осы сұрақтарға «ПОПС» формуласы арқылы пікір білдіріп, комментарий жасайды.
Оқылым мәтіні ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлкарнайн (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар: 1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. 2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде өлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған.5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. 6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 ж. жер сілкінісі кезінде қираған. 7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м. Бағалау критерийлері:
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушылар «РАФТ» тәсілі арқылы мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, суреттерді көпшілікке таныстырады. Оқушылар жеті кереметтің көне суреттері табылды деп елестетеді. Сол суреттерді көрмеге келушілерге таныстырады. Рөл – суретші Аудитория - көрмеге келушілер Форма – таныстырылым Тақырып – жеті кереметтің көне суреттерін таныстыру | https://surak.baribar.kz/37770/ https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/24580/ https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/22145/ | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | «Бір сөзбен» Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады: Шыдамсыздық. Ашу. Қуаныш. Немқұрайлылық. Қанағаттану. Шабыт. Зерігу. Алаңдау. Тыныштық. Сенімділік. Сенімсіздік. Рақаттану. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?