Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ


Жоспар құру

 Жоспар құру – жазбаша және ауызша мәтін құрудың ажырамас бөлігі. Жоспар құрған кезде адамның ойында не туралы айтатыны мен жазатыны туралы ойлар қалыптаса бастайды. Жоспар құру арқылы автор өзінің жазба жұмысындағы кейбір идеялар мен ойларын жүйелеп, орын орнына қоюға мүмкіндік алады. Көп жағдайда жоспар құру жазба жұмысының негізгі бөлігі болып табылады, мысалы: диплом жұмысы, реферат, курстық жұмыс т.с.с.

 Жақсы жоспар құра білу – өз сөзін басқара алатын адамға тән қасиет.

 

 Жоспар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

 

 Қарапайым жоспар.

 

 Қарапайым жоспарда сөйлеушінің айтатын, жазушының жазатын мәтініндегі негізгі тармақтар көрініс табады. Мұндай жоспар тақырыптық бола алады. Қарапайым жоспарды құруда автор мәтіннің негізгі бөліктерін бір сөйлеммен бере алады.

 Күрделі жоспар

 Күрделі жоспар автордың жұмысы туралы толық түсінік беріп, оқырманға жұмыстың композициясы мен логикасын анық түсінуге мүмкіндік береді. Күрделі жоспарда әр тақырып, тармақ бірнеше шағын тақырыпшалар мен тармақшаларға бөлінеді. Жоспардың бұл түрінде тақырып детальді түрде қарастырылады. Күрделі жоспарды құру үшін автордың өзі материалды толық, терең білуі қажет

 Тезисті жоспар

 Жоспар тезис түрінде де бола алады. Мұндай жоспарда әрбір тақырыпша астында сол бөлімдегі негізгі ойды беретін бір-екі сөйлем (тезис) беріледі.

http://velikayakultura.ru/russkiy-yazyk/chto-takoe-plan-teksta-vidyi-planov-prostoy-slozhnyiy-tezisnyiy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу