Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 3 сабақ


1-тапсырма.

Вавилонның аспалы бағы

 Вавилонның аспалы бағы 2 мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды таңқалдырып келді, бірақ оның өмірінде болғаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ. Вавилонның (қазіргі Ирак) ежелгі тарихында бақ жөнінде мәліметтер жоқ, археологтар ескі қаланың орнын қазған, бірақ қазірге дейін ешқандай із-тозы жоқ.

 Дәстүрге байланысты бақ патша ІІ Навуходоносордың бұйрығымен салынған. Тарихы деректерге қарағанда Навуходонсор б.э.д.562-605 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Аңыздарда ол Аспалы бақты өзінің әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.

 Қала б.э.д 539 жылы парсылар жаулап алғаннан кейін қаңырап бос қалған, бақтар жөнінде тек тамаша аңыздар ғана сақталып қалған. Дегенмен осындай бақтардың қалдықтары өте алыс емес жерден табылып, археологтар мүмкін осылай болған болу керек деген болжаммен суретін салған.

 Кейбір тарихшылар аспалы бақты ауада керемет күштің көмегімен тұрған деп жазады. Бұл шындыққа жанаспайтын, дұрыс аударылмаған мағлұмат еді, шындығында бақтағы ағаштар әртүрлі деңгейде отырғызылған. Бақтың әр жағы төртплетронға тең болған. Плетрон – гректердің ұзындық өлшемі, ол 30,8 м-ге тең, олай болса бақтың ауданы 123,2 м2 болған. Бүгінгі сарапшылар террасалардың саны қанша болғандығы жөнінде бір келісімге келе алмай отыр, негізінде бесеу болған деген шешімге тоқталған. Кейбіреулері үлкен ағаштарды отырғызу үшін қабырғалардың қалыңдығы 7 м болған деген болжам айтады.

 Деректерге қарағанда, Навуходонсор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшелерімен бірге тамақтанатын болған.

 Тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.

  • Мәтінді бөлімдерге бөліңіз.
  • Бөлімдерге тақырыпша қойыңыз.
  • Бөдімнің негізгі ойын қысқа тезис түрінде беріңіз.

 

Мәтін бөліктері

Тақырыпшалар

Тезис

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Дескриптор:

  • Мәтінді бөлімдерге бөліңіз.
  • Бөлімдерге тақырыпша қойыңыз.
  • Бөлімнің негізгі ойын қысқа тезис түрінде беріңіз.

2-тапсырма. Төмендегі тұжырымдардың шындыққа немесе аңызға жақындығы туралы пікір білдіріңіз.

  • Аспалы бақты ІІ Навуходоносор өзінің әйелі Амитис патшайымның құрметіне салғызған.
  • Аспалы бақ ауада керемет күштің көмегімен тұрған.

3-тапсырма.

Ұсынылған суреттермен танысыңыз. Суреттерді байланыстырып, сюжетті аңыз-әңгіме ойлаңыз. Алдымен аңыз-әңгіменің жоспарын құрыңыз.

Мәтін бөліктері

Тірек сөздер

Тақырыпшалар

Тезис

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Дескриптор:

  • Аңыз-әңгіме жоспарын құрады;
  • Мәтін бөліктеріндегі тірек сөздерді жазады;
  • Тірек сөздерге сүйеніп тақырыпша қояды;
  • Тақырыпшаның тезисін жазады.
  • Суреттерді негізге алады.

4-тапсырма. Жоспарды негізге алып, аңыз-әңгіме жазыңыз.

Дескриптор:

  • Шағын әңгіме жазады;
  • Жанрлық ерекшелігін сақтайды;
  • Құрылымын сақтап жазады;
  • Жоспарды негізге алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу