Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 4 сабақ


РАФТ әдісі

 РАФТ – әртүрлі тақырыпты тә жірибеден өткізіп, әртүрлі аудиторияға бағыттап, әртүрлі мақсатқа жауап беріп және қалыпты таңдай отырып, оқушылардың жазу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, РАФТ дегеніміз – бұл рөл, аудитория, формат және тақырып.

 Бұл іс-әрекеттің жазбаша нысаны әдетте, сабақтың, тақырыптың ой толғаныс сатысында қолданылады. Іс-әрекеттің бұл түрі оқушылардың қызығушылығы, яғни сұрақтарына бағытталып құрылған. Жасанды жұмыстарға қарағанда, бұл жұмыстың маңыздылығы – ол түпнұсқаға сәйкес болып келеді.

 1-қадам. Аудиторияның қызығушылығын оятатын өмірмен байланысы бар, аздаған қарама-қайшылығы бар тақырыпты таңдаңыз. Тақтаға жазыңыз.

 2-қадам. Белгілі бір рөл бойынша ой шақыру жұмыстарын жүргізіңіз. Оқушыларға осындай тақырыпқа кім жаза алатынын ойлануға мүмкіндік беріңіз.Оқушылар әралуан рөлдерден өзіне рөл таңдап алсын.

 3-қадам. Аудиторияны анықтау үшін ой шақыру жұмысын жүргізіңіз. Әр оқушы өз жазуын қандай форматта жаза алатынын ойлансын. Қиялдарын ояту үшін дауыстап талқылаңыздар.

 4-қадам. Ой алмасу жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Бұл әртүрлі нысандар болуы мүмкін – оқушылар бір-біріне шағын топта оқи алады, қабырғаға іле алады, мұғалімге тапсыра алады.

Қабырғаға қарап оқу

 Қабырғаға қарап оқу – жазу жұмысын жүргізудегі іс-әрекеттің түрі. Мен өзімді өзім түзетемін; оқырман бқл мәтінді қалай қабылдайды, менің айтқым келген ой оған түсінікті ме – оқырманның «орнына өзімді қойып көремін».

 1-қадам. Оқушылар жазба жұмысын аяқтады. Оқушылар өзіне ұнаған жерден қабырғаны таңдап алулары керек, бірақ онда ештеңе ілінбеген және терезе болмауы керек. Оқушылар бір-біріне бөгет болмауы үшінаралары ашық болсын және кейбір оқушылар дауыстап оқи алады. Яғни оқырманның көңілі бөлінбеу керек. Қабырғаға оқуға барарда қаламдарын ала кетеді.

 2-қадам. Олар оқырман рөліне ене отырып, оқырман көзқарасынан оқиды, егер түсініксіз немесе анық жазылмаса, оқуды тоқтатып, қажетті түзетулерді енгізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу