Әлемнің жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: НЗМ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қалықбекова Б.Т.

Сынып: 6 Т1

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Әлемнің жеті кереметі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіннен қосымша және негізгі ақпаратты анықтайды, түсіндіреді.
  • Мәтіннен детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі: мәтіннен негізгі, қосымша және детальді ақпаратты анықтайды, түсіндіреді;

Кейбір оқушылар: мәтіндегі негізгі ойға қатысты мәселелерді талдап, шешу жолдарын ұсынады, детальді ақпаратты анықтап, түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

керемет- ғаламат, таңдай қақтырар, адам сенгісіз, ықылым заман, сағана

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша...

Менің пайымдауым бойынша...

Мен бұл мәселеге қатысты мынадай пікірдемін...

Өз сөзіме дәлел ретінде, негізінен, әсіресе.... және т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға 1 мин ішінде «жеті керемет» ұғымына бір сөйлеммен анықтама беру тапсырылады, жекелеген оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Жұпқа бөлу.

Әлемнің жеті кереметінің суреттері арқылы оқушылар өз жұптарын табады.

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

5 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

Оқылым алдындағы тапсырма.

Талқылау сұрақтары:

  • Мәтіндегі негізгі ақпарат дегеніміз не?
  • Мәтіндегі қосымша ақпарат дегеніміз не?
  • Негізгі және қосымша ақпаратты қалай ажыратуға болады деп ойлайсыз?
  • Детальді ақпарат дегенді қалай түсінесіз?

Мұғалім жұптарға талқылау сұрақтарын ұсынады,оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылайды. Кейін мұғалім негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтау бойынша түсінік береді.

Оқылым тапсырмасы.

Қатар отырған жұптар төмендегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушыларға Хеопс пирамидасы туралы екі ұқсас мәтін беріледі. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды. Берілген мәтінді оқиды, кестені толтырады.

Хеопс пирамидасының сырлары.

Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.

Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.

Таңғаларлық деректер

 Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.

  Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған (2-сурет). Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай.

Мәтін түрі

Негізгі ақпарат

Негізгі ойды жеткізіп тұрған сөйлемдер, ойлар

Қосымша ақпарат

Негізгі ойды толықтырып тұрған сөйлемдер, ойлар

Детальді ақпарат

Сандар, нақты атаулар т.с.с

1-мәтін

2-мәтін

Оқушылар өз жазғандарын толықтырып, ойларын ортаға салады. Бағалау критерийлері арқылы жұпаралық бағалау жүзеге асады.

Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
  • Мәтіннен қосымша ақпаратты табады;
  • Детальді ақпаратты анықтайды
  • Түсінік береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар РАФТ стратегиясы арқылы оқылым мәтінін негізге алып, шығармашылық жазылым тапсырмасын орындайды.Ұсынылған рөлдердің бірін таңдап, соған сай мәтін құрайды. Оқылым мәтініндегі негізгі және детальді ақпараттарды тиімді қолданады.

Рөл

Аудитория

Форма

Тақырып

Тарихшы

Оқушылар

Баяндама

Мысыр пирамидаларының тарихы

Туристік фирма қызметкері

Саяхатшылар

Жарнама

Мысырға саяхаттауға асығыңыздар

Суретші

Сурет көрмесіне қатысушылар

Картиналарды көпшілікке таныстыру

Мысыр пирамидаларының құпиясы

Дескриптор:

  • Рөлді таңдап, аудиторияны ескеріп жазады;
  • Формасын сақтайды;
  • Мәтіндегі негізгі, детальді ақпараттарды пайдаланады.

«Галереяны шарлау» .

Оқушылар жұмыстарын сынып қабырғасына іледі. Оқушылар аралап, бір-біріне кері байланыс береді.

http://asyldin.kz/article/view/id/29.html

Тапсыр

ма парағы

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Тақтаға шабадан, қоқыс жәшігі, ет тартқыштың суреттері ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған ақпараттарды стикерге жазып, сол үш суреттің жанынан жабыстырады.

Рефлексия парағы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны 1-сабақтың талқылау тапсырмаларын орындауда кейбір оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт беру арқылы жүзеге асырамын.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін

Әр оқушының дәптеріне бүгінгі жасаған жұмысы бойынша смайлик салып, не нәрсеге көңіл аудару керек екенін жазамын

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға келесі мүмкіндіктер болды: оқушы өзі ойланып, идея ұсынады, алған ақпараты бойынша қорытынды жасайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу