Семирамида аспалы бағы . Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ
Кубизм стратегиясы – кубик жасап, оның алты қырына алты түрлі тапсырма жазып жабыстырылады. Мұғалім кубты ортағы лақтырып, қай қыры түссе, сол қырындағы тапсырмаға жауап береді. Бұл әдіс бір нәрсені сан қырынан тануға мүмкіндік береді.
СИПАТТАҢЫЗ:
Өзің барып көрген бір бақты (саябақ) сипаттаңыз
- Қайда орналасқан?
- Қандай өсімдіктер өседі?
- Көлемі қандай?
- Несімен ерекшеленеді?
- Серуендеушілерді не қызықтырады?
СУРЕТТЕҢІЗ:
Сол бақтың суретін салыңыз және суретті түсіндіріңіз
САЛЫСТЫРЫҢЫЗ:
Бақты Аспалы бақпен салыстырыңыз.
ҚОЛДАНЫҢЫЗ:
Өзің көрген бақ туралы төрт жол өлең шығарыңыз
ДӘЛЕЛДЕҢІЗ:
Бақтардың адамзатқа керек екендігіне дәлел келтіріп, пікір білдіріңіз.
ЗЕРТТЕҢІЗ:
Сен білетін баққа адамдарды көбірек тарту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Бірнеше идея ұсынып көріңіз.
Тыңдалым мәтіні
СЕМИРАМИДА АСПАЛЫ БАҒЫ
Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған.Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II - нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен. Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Бұл аспалы бақ грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын. Егер пирамидалар талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер, аспалы бақтың құдіреті де боркемік қыш қабырғасы кешікпей Вавилонмен бірге құлады. Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады
Бұл аспалы бақ дүние жүзінде тұңғыш рет махаббаттың құрметіне салынған монумент болатын. Ассирияны әйел патшасының есімімен атаса, аспалы бақты сол әйел құрметіне арнап, «семирамида бағы» деп атаған. Бұл аспалы баққа Мидия баурайындағы саялы мекеннің елесін орнатты. Бұл аспалы бақты Новуходоносор өзінің сүйікті әйеліне арнап салған. Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған. Аспалы бақ ондағы хош иісті гүлдер, ағаштың сыбдырлары – бұл адамның көңілін тартар бақ болатын. Тіпті, Александр Македонскийдің өзі де өлер алдында сол аспалы баққа апаруын бұйырады.
Төрт қабатты аспалы бақ және сылдырлап аққан су, сыбдырлаған ағаш дәл Мидия қаласының елесін береді. Кейіннен бұл аспалы бақ қабырғасын су шайып, Вавилонмен бірге құлады. Ондағы өрнек сынықтарын аспалы бақ қалдығы деп көрсететін болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?