Семирамида аспалы бағы . Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 2 сабақ


Тыңдалым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма.

Сенің ойыңша «Ғажайып бақ» қандай болу керек?

2-тапсырма.Суретте әлемнің жеті кереметінің бірі – «Семирамида аспалы бағы» бейнеленген. Ұсынылған тіркестерді қолданып, бақты суреттеп беріңіз.

Қолдануға болатын тіркестер: аспанмен таласқан, көздің жауын алады, жасыл желекті, тұрғындарды таң-тамаша қалдырады, хош иісті гүлдер, жердегі жұмақ.

Тыңдалым тапсырмасы.

https://boz.kz/article/82617171346567.html

3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, дұрыс жауапты белгілеңіз.

  • Мәтін тақырыбын табыңыз

А) Вавилондағы ғажайып бақ

Ә) Әлемнің жеті кереметі

Б) Навуходоносор II атты Вавилон патшасы

2. Мәтіннің идеясын анықтаңыз.

А) Семирамида аспалы бағын Мысыр пирамидасымен салыстыру

Ә) Семирамида аспалы бағы, оның тарихы туралы ақпарат беру

Б) Семирамида аспалы бағының конструкциясын таныстыру

3. Аспалы бақ Вавилонда қай жерде салынған?

А) патша сарайының ауласында тұрғызылған

Ә) Вавилон қаласының кіре берісінде тұрғызылған

Б) патша сарайының сыртында тұрғызылған

4. Қосымша ақпаратты анықтаңыз.

А) Навуходоносор Аспалы бақты әйелі үшін тұрғызды.

Ә) Аспалы бақ Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен тұрғызылды

Б) Вавилония елінің ауа райы ыстық, шөлейт.

5. Аспалы бақтың болғанына қандай дәлел бар?

А) Археологиялық қазбалар кезінде табылған конструкциялы құрылыстар

Ә) Көне жазбалардан табылған суреттер мен деректер

Б) Археологиялық қазбалар кезінде табылған жеміс ағаштарының қалдықтары

6. Навуходоносор патша Аспалы бақты не үшін салғызды?

А) Атағын әлемге әйгілі етіп, мықтылығын жариялау үшін

Ә) Өз елін аңсап жүрген әйелін жұбату үшін салғызған

Б) Халықтың серуендеп, демалуы үшін салғызған

7. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз

А) Аспалы бақтың құрылысы

Ә) Аспалы бақтың салыну тарихы

Б) Аспалы бақта болған атақты тұлғалар

8. Өлер алдында Аспалы баққа апаруын бұйырған кім?

А) Александр Македонский

Ә) Навуходоносор патша

Б) Амитис патшайым

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

4-тапсырма. Өзің барып көрген бақты (саябақты) «Кубизм» әдісі арқылы сипаттаңыз.

  • Сипаттаңыз
  • Суреттеңіз
  • Салыстырыңыз
  • Дәлелдеңіз
  • Қолданыңыз
  • Зерттеңіз
  • СИПАТТАҢЫЗ: Өзің барып көрген бір бақты (саябақ) сипаттаңыз
    • Қайда орналасқан?
    • Қандай өсімдіктер өседі?
    • Көлемі қандай?
    • Несімен ерекшеленеді?
    • Серуендеушілерді не қызықтырады?
  • СУРЕТТЕҢІЗ: Сол бақтың суретін салыңыз және суретті түсіндіріңіз
  • САЛЫСТЫРЫҢЫЗ: Бақты Аспалы бақпен салыстырыңыз.
  • ҚОЛДАНЫҢЫЗ: Өзің көрген бақ туралы төрт жол өлең шығарыңыз
  • ДӘЛЕЛДЕҢІЗ: Бақтардың адамзатқа керек екендігіне дәлел келтіріп, пікір білдіріңіз.
  • ЗЕРТТЕҢІЗ: Сен білетін баққа адамдарды көбірек тарту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? Бірнеше идея ұсынып көріңіз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді

  • Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтай алады;
  • тыңдалым мәтіні бойынша дұрыс жауапты тауып белгілейді.

Саябақты сипаттап пікір білдіреді

  • Өзі көрген бақты сипаттап бере алады;
  • бақтың суретін салып, түсіндіреді;
  • аспалы бақпен салыстырады;
  • төрт жол өлең шығарады;
  • дәлелді пікір білдіреді;
  • мәселені шешудің жолдарын көрсетіп, идея ұсынады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу