Семирамида аспалы бағы . Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Семирамида аспалы бағы | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: аспанмен таласқан, көздің жауын алады, жасыл желекті, тұрғындарды таң-тамаша қалдырады, хош иісті гүлдер, жердегі жұмақ. | |||||||
Құндылықтар | Құрмет, өмір бойы оқу. | |||||||
Пәнаралық байланыс | География, тарих | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма. «Ғажайып бақ» тапсырмасы. Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қояды.
Оқушылар сыныпта еркін қозғалып, осы сұрақтарды бір-бірімен талқылайды. 2-тапсырма. Талқылап болған соң мұғалім ғажайып бақ қандай болу керек деген сұрақ қояды. Оқушылар осы сұраққа ойланып, шағын топта бірге топтастыруды толтырып, ғажайып бақтың қандай болатыны туралы өз ойларын жазады. Жазып болған соң,өз идеяларымен бөліседі. Кейін мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын таныстырады. Сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты, бағалау критерийлерін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. | |||||||
Сабақтың ортасы
10 минут 10 минут 10 минут | Тыңдалым алдындағы тапсырма. Мұғалім тақтадан Семирамида аспалы бағының суретін көрсетеді. Оқушыларға осы ғажайып бақ туралы не білетіндіктерін сұрайды. Арнайы тілдік оралымдарды ұсынады. Оқушылар ұсынылған тілдік оралымдарды пайдаланып, суреттегі жеті кереметтің бірі – Семирамида бағын ауызша суреттеп береді. Қолдануға болатын тіркестер: аспанмен таласқан, көздің жауын алады, жасыл желекті, тұрғындарды таң-тамаша қалдырады, хош иісті гүлдер, жердегі жұмақ. Дескриптор:
Тыңдалым тапсырмасы. Мұғалім оқушыларды тыңдалымға дайындайды. Ол үшін оқушыларға тыңдалым бойынша сұрақтарды ұсынады. Оқушылар мәтінді тыңдамас бұрын сұрақтарды оқып, танысып шығады. Кейін мұғалім тыңдалым аудиосын қосады немесе дауыстап оқып береді. Оқушылар мәтінді тыңдап отырып, дұрыс жауапты белгілейді. Мәтінді тыңдап, дұрыс жауапты белгілеңіз.
А) Вавилондағы ғажайып бақ Ә) Әлемнің жеті кереметі Б) Навуходоносор II атты Вавилон патшасы 2. Мәтіннің идеясын анықтаңыз. А) Семирамида аспалы бағын Мысыр пирамидасымен салыстыру Ә) Семирамида аспалы бағы, оның тарихы туралы ақпарат беру Б) Семирамида аспалы бағының конструкциясын таныстыру 3. Аспалы бақ Вавилонда қай жерде салынған? А) патша сарайының ауласында тұрғызылған Ә) Вавилон қаласының кіре берісінде тұрғызылған Б) патша сарайының сыртында тұрғызылған 4. Қосымша ақпаратты анықтаңыз. А) Навуходоносор Аспалы бақты әйелі үшін тұрғызды. Ә) Аспалы бақ Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен тұрғызылды Б) Вавилония елінің ауа райы ыстық, шөлейт. 5. Аспалы бақтың болғанына қандай дәлел бар? А) Археологиялық қазбалар кезінде табылған конструкциялы құрылыстар Ә) Көне жазбалардан табылған суреттер мен деректер Б) Археологиялық қазбалар кезінде табылған жеміс ағаштарының қалдықтары 6. Навуходоносор патша Аспалы бақты не үшін салғызды? А) Атағын әлемге әйгілі етіп, мықтылығын жариялау үшін Ә) Өз елін аңсап жүрген әйелін жұбату үшін салғызған Б) Халықтың серуендеп, демалуы үшін салғызған 7. Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз А) Аспалы бақтың құрылысы Ә) Аспалы бақтың салыну тарихы Б) Аспалы бақта болған атақты тұлғалар 8. Өлер алдында Аспалы баққа апаруын бұйырған кім? А) Александр Македонский Ә) Навуходоносор патша Б) Амитис патшайым Дескриптор:
Өзін-өзі бағалау: Тапсырманы орындап болған соң, мұғалім дұрыс жауапты оқушыларға көрсетеді. Оқушылар өзін-өзі бағалайды, қанша сұраққа дұрыс жауап бергендері туралы, қандай сұраққа жауап беру қиындық туғызғаны туралы кері байланыс береді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. «Кубизм» әдісі арқылы оқушылар өздері барып көрген бір бақты/саябақты жан-жақты қарастырады. Мұғалім алдымен оқушыларды алты топқа бөледі. Топқа бөлуде түрлі-түсті қима қағаздарды пайдалануға болады. Алты түсті түс арқылы оқушыларды топқа бөледі. Топқа бөліп, оқушыларды отырғызғаннан кейін мұғалім кубикті лақтырып, әр топқа алты түрлі тапсырма ұсынады. Оқушылар шағын топта бірлесе өзіне ұсынылған тапсырманы орындайды.
Дескриптор
| Оқу бағдарламасы https://boz.kz/article/82617171346567.html Постер, маркер | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі. Оқушылар параққа қолын айналдыра сызып алады да әр саусаққа ұсынылған сұрақтардың жауабын жазады. | Рефлексия парағы | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?