Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 9 сабақ


1-тапсырма.

«Қар кесегі» әдісі арқылы талқылау.

  • Оқушылар жеке ойланып, әлемнің жеті кереметінің қатарына кіру үшін басты үш критерийді анықтайды.
  • Кейін жұпқа бірігіп, алты жауаптан тек ең маңызды үшеуін қалдырады.
  • Жұптар төрт адамнан тұратын топ құрайды. Топта ақылдасып, дәл солай алтыдан үшеуін қалдырады.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, төрт сөйлеммен пікір білдіріңіз.

Бірінші сөйлем – «Менің ойымша...»

Екінші сөйлем – «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем – «Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем – «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

 Әлемнің жеті кереметі туралы көп естіп, біліп жүрміз. Бір өкініштісі, осы кереметтердің ішінде сақталғаны – Хеопс пирамидасы ғана, ал қалғандары біздің заманымызға дейін сақталмаған. Сондықтан да әлемнің жаңа жеті кереметін қабылдып, бүгінде осы жеті кереметті таңдана тамашалап келеміз. Бұл тізімге енген ғажайыптардың көбі де көненің көзі.

 Әлемнің жеті кереметін уақыт өткен сайын неге жаңғыртып тұрмасқа? Әлем дамып, өркендеп келеді. Өркениет заманында адамзатты таңқалдыратын талай ғимараттар бой көтеруде, ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – адам баласының аспанға қол созуына мүмкіндік туып отыр. Осы жаңа ғажайып туындыларды жеті керемет қатарына қосу керек емес пе?!

Дескриптор:

  • Мәтіндегі ойға қатысты өз пікірін білдіреді;
  • себебін түсіндіреді;
  • пікірін дәлелдер, мысалдар арқылы жеткізеді;
  • белгілі бір қорытынды шығарады.

«Карточкалар иерархиясы» әдісі.

  • «Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?» осы пікірге келісетің/келіспейтінің туралы ойланып көр.
  • Жұбыңмен талқыла.
  • Келісуіңнің не болмаса келіспеуіңнің кем дегенде бес себебін тауып жазып көр.
  • Осы себептерді маңыздылығына байланысты орналастырып көр.

Дескриптор:

  • Келісу/келіспеуінің тоғыз себебін тауып жазады;
  • Оларды маңыздылығына байланысты орналастырады.

Жазылым

Эссе жазу.

Тақырыбы: «Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?»

Дескриптор:

  • Тақырыптан ауытқымады;
  • абзацты жүйелі құрастырады;
  • келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
  • сауатты жазады;
  • дефис арқылы жазылатын сөздерді қолданып, орфографиялық нормаға сай жазады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу