Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсету жазу (келісу-келіспеу эссесі)

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

Келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;

эссе тақырыбынан ауытқымайды.

 Бағалау критерийлері

 

  • Тақырыптан ауытқымады;
  • абзацты жүйелі құрастырады;
  • келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
  • сауатты жазады;

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

«Менің ойымша...

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

«Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет, ашықтық

 Пәнаралық байланыс

География

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Қар кесегі» әдісі арқылы талқылау.

Мұғалім оқушыларға: «әлемнің жеті кереметінің қатарына кіру үшін қандай критерийлерді негізге алу керек деп ойлайсыз?»,- деген сұрақты қояды. Оқушылар осы сұрақты «қар кесегі» әдісі арқылы талқылайды.

  • Оқушылар жеке ойланып, әлемнің жеті кереметінің қатарына кіру үшін басты үш критерийді анықтайды.
  • Кейін жұпқа бірігіп, алты жауаптан тек ең маңызды үшеуін қалдырады.
  • Жұптар төрт адамнан тұратын топ құрайды. Топта ақылдасып, дәл солай алтыдан үшеуін қалдырады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

Жазылым тапсырмасына дайындық.

Мұғалім оқушыларға мәтін ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі оймен келісетінін, не қарсы екенін «төрт сөйлем» тәсілі арқылы пікір білдіреді.

Бірінші сөйлем – «Менің ойымша...»

Екінші сөйлем – «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем – «Мен оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем – «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Мәтін.

Әлемнің жеті кереметі туралы көп естіп, біліп жүрміз. Бір өкініштісі, осы кереметтердің ішінде сақталғаны – Хеопс пирамидасы ғана, ал қалғандары біздің заманымызға дейін сақталмаған. Сондықтан да әлемнің жаңа жеті кереметін қабылдып, бүгінде осы жеті кереметті таңдана тамашалап келеміз. Бұл тізімге енген ғажайыптардың көбі де көненің көзі.

 Әлемнің жеті кереметін уақыт өткен сайын неге жаңғыртып тұрмасқа? Әлем дамып, өркендеп келеді. Өркениет заманында адамзатты таңқалдыратын талай ғимараттар бой көтеруде, ХХІ ғасырдағы архитектураның дамығаны соншалық – адам баласының аспанға қол созуына мүмкіндік туып отыр. Осы жаңа ғажайып туындыларды жеті керемет қатарына қосу керек емес пе?!

Дескриптор:

  • Мәтіндегі ойға қатысты өз пікірін білдіреді;
  • себебін түсіндіреді;
  • пікірін дәлелдер, мысалдар арқылы жеткізеді;
  • белгілі бір қорытынды шығарады.

Оқушылар дескрипторға сай бір-біріне кері байланыс береді.

«Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек» деген пікірмен келісетіні немесе қарсы екендігінің себептерін «Карточкалар иерархиясы» тәсілі арқылы жазады.

  • «Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?» осы пікірге келісетің/келіспейтінің туралы ойланып көр.
  • Жұбыңмен талқыла.
  • Келісуіңнің не болмаса келіспеуіңнің кем дегенде бес себебін тауып жазып көр.
  • Осы себептерді маңыздылығына байланысты орналастырып көр.

Дескриптор:

  • Келісу/келіспеуінің тоғыз себебін тауып жазады;
  • Оларды маңыздылығына байланысты орналастырады.

Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар мәтіндегі ойды, өздері ұсынған идеяларды негізге алып, «Әлемнің жеті кереметін уақыт өте жаңғыртып тұру керек?» тақырыбында эссе жазады. Сөз саны- 150-180.

Дескриптор:

  • Тақырыптан ауытқымады;
  • абзацты жүйелі құрастырады;
  • келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
  • сауатты жазады;
  • дефис арқылы жазылатын сөздерді қолданып, орфографиялық нормаға сай жазады.

Мұғалім оқушылардың жазба жұмыстарымен танысып, әр оқушыға жазбаша, не болмаса ауызша кері байланыс береді.

Оқу бағдарламасы

Оқу жоспары

Үлестірме материал

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Осы сұрақтарға сүйеніп оқушылар мұғалімге кері байланыс береді.

Рефлексия парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу