Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ
Тапсырма. Әлемнің жеті кереметін көруге сапарға шықтыңыз. Шабаданға не саласыз? Тізімін жасаңыз.
Тапсырма.
Сөздердің бірге/бөлек жазылатынын анықтаңыз.
Сөздер | Бірге | Бөлек |
Екіаяқты | ||
Жалпыхалықтық | ||
Асхатқызы | ||
Беташар | ||
Ешбір | ||
Ешкім | ||
Ешадам | ||
Тасбақа | ||
БатысҚазақстан | ||
Екібастұз | ||
Әлдеқашан | ||
Төртбұрыш | ||
Қызылорда | ||
Аққасқыр | ||
Жетікеремет | ||
Гүлжан | ||
Жасбала |
Тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, қате жазылғаны болса дұрыстаңыз.
Сәлем, достар!Менің есімім – Балжан. Бүгін сіздермен Еуропадағы саяхат барысында алған әсерлеріммен бөліссем деймін. Маған биыл Еуропаға бару бақыты бұйырды.
Әрине, Еуропаға бару бұрын, тіпті түсіме де кіріп-шықпайтын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жан-жақты халықаралық байланыстары арқасында ҚазҰУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндік берілді. Осы саяхатымның арқасында «мәңгі қала» атанған Римге жол тарттық. Римге бес күнімізді арнадық, бірақ қаланың әдемі жерлерін аралап тауысуға уақыт жетпей қалды. Қаладағы жәдігерлердің ұзын санын ешкім де анық айта алмас.
Колизейге тоқталсақ, бұл расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат екен. Амфи театрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр. Айтпақшы, Колизейге кіру бағасы еуропалықтарға 7 еуро болса, азиялықтарға 12 еуро. Колизейді көріп, еш қашан бөленбеген қайталанбас сезімді бастан кешірдім. Қасымдағы Айгүл есімді құрбым екеуміз фотосуретке қайта-қайта түсіп мәз болдық. Бізбен бірге ұстазымыз – Айжан Серік қызы да барған болатын. Ол кісі Колизей тарихы туралы біраз ғажайып әңгемелер білетін болып шықты, ал біз оның хикаяларын қызыға тыңдадық.
Бұл ғажайыпты көзбен ғана көру керек, сондықтан егер мүмкіндігіңіз болса Колизейге ат басын тіреуіңізге әбден болады. Осыншама әсер сыйлаған сапарыммен баспа сөз арқылы өздеріңмен бөліскім келді.
Сұраққа жауап беріңіз
- Балжанның әңгімесі сізді қызықтырды ма?
- Әлемнің жаңа жеті кереметінен қайсын көргің келеді? Неліктен?
Дескриптор:
- Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, астын сызады;
- бірге жазылуы тиіс, қате жазылған сөздерді дұрыс жазады.
Мәтінге жоспар құраңыз.
- І.Кіріспе бөлім
- ІІ. Негізгі бөлім.
- ІІІ. Қорытынды бөлім.
Дескриптор:
- Мәтінге қарапайым жоспар құрады.
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)
- Әр бөлімнің негізгі ойын бір сөйлеммен жазады.
Тапсырма.
Балжан секілді саған да әлемнің жеті кереметінің бірін көзбен көру бұйырды деп елестетіңіз. Осы сапардағы ғажайыптармен бөлісу үшін шағын мақала жазбақшы болдың. Мақала сәтті шығу үшін алдымен жоспар құраңыз.
І. Кіріспе бөлім | Кіріспе бөлімде қай елде, қай жеті кереметті көргеніңді бір сөйлеммен әсерлі жеткізуге тырысыңыз. |
ІІ. Негізгі бөлім А) Ә) | Көрген қызықтарыңды, таңқалдырған сәттерді тақырыптық сөйлем ретінде ұсыныңыз |
ІІІ.Қорытынды бөлім | Сапардың нәтижесінде түйген ой |
Дескриптор:
- Қарапайым жоспар құрайды;
- Мәтінді ойша құрылымдық бөліктерге бөледі;
- Әр бөлімдегі негізгі ойды тақырыптық сөйлем арқылы береді.
- Бірге/бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?