Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 5 сабақ


Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау

Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаттары:

6.3.1.1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру

6.4.1.1. тақырып бойынша жеке сөздер, бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары:

Сөздердің бірге жазылу орнын біледі;

Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құрады.

Бағалау критерийлері:

Жазылым.

Қарапайым жоспар құрады;

Жоспар құрауда құрылымын ескереді;

Жоспардың әр бөлімінде негізгі ойды жеткізе алады.

ӘТН.

Сөздердің бірге жазылу орнын біледі;

Бірге жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Әлемнің жеті кереметін көруге сапарға шықтыңыз. Шабаданға не саласыз? Тізімін жасаңыз.

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

1. Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер.

2. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше т.с.с

Ескерту. Еш, әр, кей, қай, әлде сөздері зат есімдерімен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.

3. Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік, лингвистикалық, филологиялық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, шикізат, көкжиек, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі, қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылар, сөзжасам.

4. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып бірге жазылады. Мысалы: қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия т.с.с.

Ескерту: Ақ, қара, қызыл ,қоңыр, шұбар сияқты сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш т.с.с

5. Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын аттары); беташар, тоқымқағар (ырым, дәстүр атаулары)т.с.с.

6.Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан, Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай.

7. Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде жалқы есімге қосылып жазылады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Мұхтар Омарханұлы.

Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылады?

Жоспар құраңыз

Рефлексия: «Сөйлемді аяқтаңыз»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу