Мысыр пирамидалары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал.


Тыңдалым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма. Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз? Тірек сөздерді байланыстырып, тыңдалым мәтініне болжам жасаңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі тілдік оралымдармен жұмыс.

Төмендегі тіркестерді оқып, мәнін ашыңыз. Осы тіркестерді қолданып сөйлем құраңыз.

  • Көз жүгірту -
  • Мұрты бұзылмау -
  • Ұсынып бағу -
  • Басшылық ету -

Тыңдалым тапсырмасы.

3-тапсырма. Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Адамзатты 4000 жыл бойы мазалаған қандай сұрақ?

_______________________________________________________________________

  • Осындай ерекше құрылысты әлі күнге дейін адамдардың өз қолымен сала алмағанына қандай дәлел келтірді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Хеопс пирамидасын не себепті «Ұлы пирамида» деп атайды?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Пирамиданың өте ауқымды жерді алып жатқанына қандай дәлел, мысал келтірді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

4-тапсырма. Төмендегі сандардың пирамидаға қандай қатысы бар? Тыңдалым негізінде сандардың мәнін ашып жазыңыз.

5-тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Пирамидалардың пайда болуына қатысты халық арасында бірнеше болжам бар:

  • пирамиданы жерде болған басқа өркениет иелері салған
  • пирамиданы бөтен ғаламшардан келгендер салған
  • пирамиданы жындар салған

Осы болжамдардың бірін таңдап, «Ақылдың алты қалпағы» тәсілі арқылы жұпта талқылаңыз. Талқылау барысында тыңдалым мәтініндегі тілдік оралымдарды орынды қолданыңыз.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жалпы мазмұнды түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  • Тыңдалым бойынша 4 сұраққа жауап береді.
  • Тыңдалым мәтіні бойынша нақты дәлел келтіре жауап береді.

Мәтіннен детальді ақпаратты анықтап жазады.

  • Берілген сандардың мәтінін ашып жазады

Мәтіндегі тілдік оралымдарды орынды қолданып, жеке көзқарасын білдіреді.

  • Ұсынылған бір болжамды таңдайды.
  • Болжамға қатысты өз көзқарасын ортаға салады.
  • Пікірді «ақылдың алты қалпағы» тәсілі арқылы білдіреді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу