Мысыр пирамидалары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мысыр пирамидалары | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.3.1. тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Тыңдалым мәтініндегі тілдік оралымдардың мәнін ашады, айтылым барысында қолданады.
| |||||||||||||
Құндылықтар | Құрмет, өмір бойы оқу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, тарих | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылды. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
7 минут | «Сөздік гол» Оқушылар бірнеше сөзді тауып жазулары керек, алғашқы болып аяқтаған оқушы «гол» деп дыбыстайды. Оқушылар жасырынған сөздер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерін талқылау. Мұғалім сабақтың тақырыбымен оқу мақсатымен таныстырады. Оқушылармен бірге осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды. | Таныстырылым | ||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 5 минут 5 минут 5 минут 8 минут | Тыңдалым алдындағы тапсырма. 1.Оқушыларға тыңдалым мәтіні негізінде тірек сөздер ұсынылады. Тірек сөздерді байланыстырып тыңдалым мәтінінде не туралы баяндалатынына болжам жасап, шағын мәтін құрайды. Болжамдарын жұпта талқылайды және бөліседі. (тірек сөздерден құралған «сөздер бұлты») 2. Мұғалім тақтадан тыңдалым мәтінінде кездесетін тілдік оралымдарды көрсетеді. Оқушылар жұбымен бірге талқылап, тілдік оралымдардың мәнін ашады, оларды қолданып сөйлем құрап дәптерге жазып алады.
Тыңдалым тапсырмасы. 1.Мұғалім тыңдалым мәтінін қосады. Оқушылар тыңдап тыңдалым бойынша берілген төрт сұраққа жазбаша жауап береді. Тыңдалым сұрақтары жалпы мазмұнды түсінуге бағытталып, прифраз түрінде ұсынылған. Оқушылар тыңдалым мазмұнын түсінгені бойынша сұрақтарға өз сөзімен жауап береді.
2. Оқушыларға сандар беріледі. Бұл сандар пирамидалардың құрылымы мен олардың пайда болу тарихына қатысты. Осы сандар мен жылдардың мәні туралы тыңдалым мәтінінде айтылады. Оқушылар тыңдалым мәтіні негізінде осы сандардың мәнін ашып жазады. Бағалау. Тыңдалым тапсырмасы бойынша оқушыларға бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылады. Оқушылар осы дескрипторға сай бірін-бірі жұпта бағалайды. Мұғалім дұрыс жауапты тақтадан көрсетеді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Пирамидалардың пайда болуына қатысты халық арасында тараған бірнеше болжамды оқушыларға ұсынады.
Осы болжамдардың бірін таңдап, «Ақылдың алты қалпағы» тәсілі арқылы жұпта талқылайды. Мұғалім жұптарға әртүрлі түсті қалпақтарды таратады. Сол түске қатысты оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Талқылау барысында тыңдалым мәтініндегі тілдік оралымдарды орынды қолданады. | Оқу бағдарламасы https://www.youtube.com/watch?v=VXgfA7cn25g Үлестірме материал | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді. | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?