Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 4 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі.

Оқылым алдындағы тапсырма.

Тапсырма. Мәтінді оқымас бұрын болжам бойынша «Шын немесе жалған» тапсырмасын орындап көріңіз.

Тұжырымдар

Шын

Жалған

Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан

Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген

Кесене ұзақ уақыт салынған, оның бой көтеруіне жиырма жылдан астам уақыт кеткен.

Ғимаратта: «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.

Кесенеде 50-ден астам бөлмелер бар

Кесенеде қоладан жасалған Тайқазан орналасқан

Оқылым тапсырмасы.

Тапсырма. Мәтінді мұқият түсініп оқыңыз, «шын немесе жалған» тапсырмасын қаншалықты дұрыс болжағаныңызды тексеріңіз.

 Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады.

 233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген! Кесене портал және күмбездерден құралған тікбұрышты ғимараттардан тұрады. Аркалы порталдың биіктігі – 37,5 метр, басты күмбездің биіктігі – 44 метр, диаметрі – 22 метр. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 2 метр, ал орталық дәліздердікі – 3 метр. Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.

 Кесененің күмбезі Орталық Азиядағы ең үлкен күмбездердің бірі, оның диаметрі шамамен 18 метрді құрайды. Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар. Олар өзара шиеленіскен жолдармен, дәліздермен, сырмалы екі қабатты сатымен байланысқан. Жарық ішке ағаш шарбақтармен бітелген терезелер арқылы кіреді, жаңғырық адамдардың аяқ дыбысын алысқа алып кетеді... Жартылай қараңғылық, салқындық, тыныштық құлшылық етушілердің жүрегінде терең сенім мен үйлесімділік тудырады.

 Қазандық – кесененің ең үлкен залы, күмбезбен жабылған негізгі салтанатты кеңістігі. Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна. Аңыз бойынша, Тайқазан Қарнақ ауылында жеті сирек кездесетін металдың қорытпасынан жасалған. Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі. Сенім бойынша, одан су ішкен құлшылық етуші жамандықтан тазарады.

 1934 жылы Тайқазанды Ленинградқа алып кетіп, бірнеше жылдар бойы Эрмитаждың бір залында экспонатқа қойған екен. Тек 1988 жылы ғана, қазақстандық үкіметтің талап етуі бойынша, Тайқазан өзінің байырғы орнына қайтып оралған.

 Қабірхана – Қожа Ахмет Яссауидің қабірі. Оның есігі нақышты өрнекпен көмкеріліп, ағаштардың құнды түрімен бедерленген. Бұл шаршы бөлменің тура ортасында ақшыл жасыл оюмен қапталған құлпытас орналасқан.

 Түркістанға жол тартқан кез келген құлшылық етуші адам, түркі елдерінің рухани тәлімгері, артында қалған ұрпағы «Далаға Ислам жарығын әкелуші» деп бағалайтын, танымал Әзірет Сұлтан жерленген, Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерген күмбезге бас сұқпай кетуі мүмкін емес деседі.

Тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердің ішінен негізгі ақпаратты беріп тұрған сөйлемдерді тауып, белгілеңіз. Не себепті екенін түсіндіріңіз.

  • Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан, сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары.
  • Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады.
  • 233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген!
  • Ол жерде көнеден келе жатқан киелі зат қола Тайқазан орналасқан, оның сыйымдылығы 60 шелек, диаметрі – 2,2 метр, салмағы 2 тонна.
  • Тайқазан түркі тайпалары ынтымағының және қонақжайлылығының белгісі.
  • 1934 жылы Тайқазанды Ленинградқа алып кетіп, бірнеше жылдар бойы Эрмитаждың бір залында экспонатқа қойған екен.
  • Кесенеде шартты түрде сегіз блокқа бөлінген 30-дан астам бөлмелер бар.

Тапсырма.

Төмендегі сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып жазып көріңіз.

Дескриптор:

  • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
  • сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпаратты табады;
  • неліктен негізгі, қосымша ақпарат екеніне түсінік береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

«РАФТ» стратегиясы арқылы шағын мәтін құрап, ауызша таныстырыңыз.

Рөлтарихшы, экскурсия жетекшісі

Аудиториямектеп оқушылары

Формаэкскурсия жүргізу, таныстырылым дайындау

Тақырып - Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне саяхат.

Дескриптор:

  • Белгілі бір рөлді таңдап, рөлге ене біледі;
  • аудиторияны ескеріп, соған бағыттап сөйлейді;
  • тақырыпты ашады;
  • мәтіндегі ақпараттарды тиімді пайдаланады;
  • формасын сақтайды;
  • сауатты сөйлейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу