Артемида ғибадатханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 6 сабақ
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Дефис орфографиялық, сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына еш әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқаша болады.
Дефис арқылы жазылатын сөздер
- қос сөздер
- екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін
атаулар
- қосалқы мүшелі күрделі атаулар
- реттік сан есімдер цифрмен жазылса
- ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылаулары
- түркі, парсы т.б. халықтаресімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы
сынды тұлғалар
- араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер
- басқы әріптермен қысқарған сөзге
- %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге
- жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар
Мысалы: ата- ана, вице-министр, кафе- бар, 58-үй, айтқан –ды, моһ- моһ, Осман- паше, әл-Фараби, ПМПИ-ге, Дон- Кихот
Ескерту. Рим цифрынан кейін дефис қойылмайды: ХХІ ғасыр, ІҮ курс. Күрделі құрама атаулар жасайтын кейбір көмекші сөздер (ат, ас, әл) сөз басында келсе, бас әріппен, сөз ортасында келсе, кіші әріппен, дефис арқылы жазылады: Әл-Фараби даңғылы, Ат-Тарази кәсіпорын бірлестігі, Балалар аурулары институты әл-Фараби даңғылында орналасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?