Артемида ғибадатханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ
1-тапсырма. Ұсынылған сөздерді қолданып, суретті сипаттаңыз.
Біп-биік, ұзын-ұзын, әдіс-тәсіл, күні-түні,жалғыз-ақ, бой көтерген-ді, 1-ғимарат, тап-таза мәрмәр.
Талқылау сұрақтары:
- Суретті сипаттағанда қандай сөздерді қолдандыңыз?
- Дефис қай жағдайда қойылады?
2-тапсырма.
Дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіріп, кестені толтырыңыздар.
Қос сөздер | |
Екі сөзден тұратын ғылыми дәреже, атақтар не мамандықты көрсететін атаулар | |
Реттік сан есімдер цифрмен жазылса | |
Ақ, ай, ау, ды, ді, ты, ті, мыс, міс шылаулары жалғанған сөздер | |
Кей одағай сөздер | |
Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды тұлғалар | |
Араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, эд, бен сияқты элементтер | |
Басқы әріптермен қысқарған сөзге, %, ° таңбалары бар цифрмен жазылған сан есімге, жеке әріп түрінде алынған объектіге жалғанатын қосымшалар | |
Басқа тілде дефиспен жазылатын жалқы есімдер |
Дескриптор:
- Дефис арқылы жазылатын сөздерге мысал келтіре алады;
- Емле ережесіне сай жазады.
3-тапсырма.
Төмендегі сан есімдерді емле ережесіне сай жазылуын анықтап, бағанға бөліп көшіріңіздер.
Дефис арқылы жазылатын сөздер | Дефиссіз жазылатын сөздер |
Жиырма-отыз | Елу бес |
1 Мамыр, жиырма отыздан, 2 курс, төрт жүз елудей қой, 2012 жыл, 22 Наурыз, 9 сынып, бес он, жиырма үш, 27 үй, 7 қабат, ХІ ғасыр, 5 жұмысшы, бес жүз елу алты, жүз жүзден, екіден бір, бес жарым, қырыққа жуық, сексеннің тоғызы.
Дескриптор:
- Дефис арқылы, дефиссіз жазылатын сөздерді ажырата алады;
- Емле ережесіне сай тыныс белгісін дұрыс қояды.
4 -тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып қос сөз жасаңыздар
Ескі, керемет, биік, құрал, түкпір, күні.
Тапсырма. Мәтінді оқып, онда дефистің неге, қандай жағдайда қолданылғанын түсіндіріңіздер.
Артемида ғибадатханасы
Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қаласында салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылған. Ол құрылыс орнына Кайстра өзенінің бойындағы батпақты алаңды таңдаған-ды. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып тап-таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Мұндай ғибадатхана әлемнің бір-ақ жерінде ғана болған.Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады.
Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызды орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.
Тақылау сұрақтары
- Артемида ғибадатханасы қайда бой көтерген?
- Ғибадатхананың ерекшелігі неде?
- Сенің ойыңша, осы ғибадатхананы қайта қалыпқа келтірсе не болады?
- Осы ғажайып ғибадатхананы қалыпқа келтіру адамзатқа қаншылықты қажет?
- Сенің ойыңша ғибадатхананы қайта қалыпқа келтіру қажет пе? Пікіріңді дәлел, мысал арқылы жеткізіп көр.
Эссе
Тақырыбы: «Артемида ғибадатханасын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» 120-150 сөз
- Тақырыптан ауытқымады;
- абзацты жүйелі құрастырады;
- келісу/келіспеу себебін дәлелдейді;
- сауатты жазады;
- дефис арқылы жазылатын сөздерді қолданып, орфографиялық нормаға сай жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?