Артемида ғибадатханасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | |||||||
Сынып: 6 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Артемида ғибадатханасы | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.1.1. тақырып бойынша дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу. 6.3.4.1. эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу,келіспеу» эссесі) | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері
| ӘТН:
Жазылым:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Дефис, емле ережесі, қос сөздер, реттік сан есім, шылаулар. Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Біп-биік, ұзын-ұзын, әдіс-тәсіл, күні-түні,жалғыз-ақ, бой көтерген-ді, 1-ғимарат, тап-таза мәрмәр. | |||||||
Құндылықтар | Құрмет,ашықтық, өмір бойы оқу. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды. | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 3 минут | Суретте. Мұғалім оқушыларға Артемида ғибадатханасының суретін көрсетеді және дефис арқылы жазылған сөздерді ұсынады. Оқушылар сөздерді қолданып, суреттегі ғимаратты сипаттайды. Біп-биік, ұзын-ұзын, әдіс-тәсіл, күні-түні,жалғыз-ақ, бой көтерген-ді, 1-ғимарат, тап-таза мәрмәр. Кейін мұғалім суретте қандай ғимарат екенін сұрайды, оқушылар болжамдарымен бөліседі. Талқылау сұрақтарын қояды. •Суретті сипаттағанда қандай сөздерді қолдандыңыз? •дефис қай жағдайда қойылады? Оқушылар дефистің қойылуы туралы не білетіндерін ортаға салады. Бірлесе талқылайды, мысал келтіреді. Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырып, оқушылармен бірге талқылайды. | Сурет | ||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 5 минут 5 минут 20 минут | Мұғалім оқушыларға дефис арқылы жазылатын сөздер туралы теориялық түсінік береді. Тапсырма. Мұғалім оқушыларға дефис арқылы жазылатын сөздерге бір-екі мысалдан келтіріп, кестені өздері жалғастырып көруді тапсырады. Дескриптор:
Оқушылар мысалдарымен бөліседі, мұғалім оқушыларға дескрипторға сай кері байланыс береді. Тапсырма. Оқушыларға сан есімдер ұсынылады, олар дефис қойылатын және қойылмайтын сан есімдерді екі бағанға емле ережесіне сай бөлім жазады. Дескриптор:
Дұрыс жауапты мұғалім өзі таныстырады, оқушылар жұпта дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды. Тапсырма. Оқушыларға мәтін ұсыналады, мәтінді оқып, ішінен дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, қойылу себебін түсіндереді. Мәтін негізінде берілген сұрақтарды жұбымен бірге талқылайды. Мәтін негізінде туындаған сұраққа келісу-келіспеу себептерін дәлелдейді. Жазылым. Оқушылар өз ойларын ортаға салып болған соң, «Артемида ғибадатханасын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» тақырыбында эссе жазады. 120-150 сөз
| Ергалиев Қ.С «Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы» оқу құралы. | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. Тақтаға шабадан, қоқыс жәшігі, ет тартқыштың суреттері ілінеді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған ақпараттарды стикерге жазып, сол үш суреттің жанынан жабыстырады. | Стикерлер, сурет | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?