Табиғаттың жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ


1-тапсырма.

Табиғаттың жеті кереметіне аттанбақшысың, төмендегілердің ішінен ең керек деген екі нәрсені, еш қажеті жоқ деген екі нәрсені таңдап алыңыз. Не себепті екенін түсіндіріңіз.

Ағаш тарақ, киіз үй, жұпар сабын, алтын жүзік, тебен ине, шаш кептіргіш, ағаш қасық, қол сағат, ат арба, тандыр нан.

  • Ұсынылған сөздердің жазылуына назар аударыңыз.
  • Бұл сөздер неге бөлек жазылған?
  • Сөздер қай жағдайда бөлек жазылады деп ойлайсың?

2-тапсырма.

Төмендегі сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажыратып көріңіз.

Беторамал, ешадам, бибилеу, біршөкім, жиырматоғыз, бастабақ, төсқалта, қойеті, асықжілік, біртүйір, қолұшын беру, қолүзу, тоқымажіп, шашкептіргіш, көшірмеқағаз,бірсәт,ҚазақстанРеспубликасы.

Дескриптор:

  • Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;
  • Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.

3-тапсырма.

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіннен бөлек жазылатын сөздерді тауып, ережесін түсіндіріңіз.

«New7Wonders Foundation» атты швейцариялық қор табиғаттың 7 кереметі жайлы жаңа тізім жасады. Табиғаттың 7 кереметін таңдауда көпшіліктің дауыс беру нәтижесі атылмыш қордың мүшелерін де таңқалдырыпты.

Амазонка өзені

Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан, дүние жүзіндегі ең ірі өзен. Амазонның өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы тұщы су фаунасының 1/3 бөлігі). Өзеннің басты арнасы құйылысынан 4300 км-ге дейін (Понго де Мансериче шатқалына дейін) кеме жүзетін болса, құйылысынан 1690 км қашықтыққа (Манаус қаласына) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады.

Бухта Халонг.

Бухта Халонг бұғазы Вьетнамда орналасқан. Осы бұғазды көруге келуші туристердің саны өте көп. Бұл бұғаздағы аралдардың шамамен 1,900-ы елсіз аралдар болып табылады. Табиғаты өте көз тартарлық бұл жер барлық адамдарды таңқалдырады. Алып үңгірлер мен көптеген өзендер Бухта Халонгты әлемнің ең ғажап мекені екенін дәлелдей түсері сөзсіз.

Игуасу сарқырмасы

Игуасу — Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің сол жақ саласы — Игуасу өзеніндегі сарқырама. Өзеннің Аргентина мен Бразилия мемлекеттерінің шекарасымен өтетін бөлігінде, Паранаға құятын жерінен 26 км жоғары орналасқан. Сарқыраманың буырқанған суының сарылы 20 — 25 км жерден естіледі. Игуасу өзенінің шатқалы мен сарқырамасы ұлттық саябақ болып жарияланған (1939ж.).

Чеджу аралы

Чеджу аралы Сеулден ұшақпен ұшқанда бір сағат алатын Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Шығысын Тынық мұхиты, ал оңтүстік пен батысын Оңтүстік-Қытай және Сары теңізі қоршаған. Жұмсақ теңіз климаты, оңашаланған жер, бірегей табиғат және вулкандық ландшафтар Чеджу аралына ерекше романтикалық арал имиджін қалыптастырған.Чеджу аралы миллиондаған жылдар бұрын вулкан атқылауларынан пайда болған деп есептеледі.

Комодо аралы

Комодо аралы Индонезияда орналасқан. Жалпы көлемі 390 км² құрайды. Алғашында жергілікті Комодо айдаһарын сақтап қалу мақсатында Индонезияда құрылған. Комодо ұлттық саябағы қазіргі уақытта саябақтағы барлық жан-жануарларды қорғауға алған. Құз баурайы, қалың өсімдік жамылғысы, аппақ құмды жағажай және су астындағы маржанды жартас, тұнық су — осының бәрі Ұлттық саябақтағы алаңсыз табиғатты үйлесімді етеді. Алып кесірткелер де саябақтың әдемі бір көрінісін аша түскендей әсерге бөлейді.

Пуэрто-Принсеса жерасты өзені

Пуэрто-Принсеса жерасты өзені Филиппиннің солтүстігінен 50 шақырым жерде орналасқан Пуэрто-Принсеса қаласына жақын маңдағы үңгір арқылы ағып өтеді. Ашық, тартымды және көне ағаштармен қоршалған шағын мүйіс Сізді ғажайып жерасты өзеніне алып келеді. Туристер ұзындығы 82 шақырым болатын кеме жүзетін өзен арқылы жүзіп өтіп, тыныш және тамаша көріністердің куәсі болады. 2007 жылы Пуерто-Принсеса жерасты өзені ашылғанға дейін Юкатан жарты аралындағы жерасты өзені әлемдегі ең ұзын жерасты өзені деп саналған.

Тэйбл тауы.

Тэйбл тауы — Оңтүстік Африканың рәмізі және Кейптаунның ең көрнекті жері. Таудың ең биік шыңын қоса есептегенде биіктігі теңіз деңгейінен 1,086 метрді құрайды. Тэйбл тауы алты миллион жылдық эрозия нәтижесінде қалыптасқан. Бұл экожүйе гүлдер патшалығымен, әсіресе дәстүргүл (ұсақ ақ, қызғылт не қызыл гүлі бар бақ өсімдігі) гүлінің 250 түрі арқылы ерекшеленеді. Ас таулары Кейптаунның кез-келген нүктесінен көрінеді.

Дескриптор:

  • Мәтіннен бөлек жазылатын сөздерді тауып белгілейді;
  • Не себепті екенін түсіндіреді.

4-тапсырма.

Жоғарыда мәтінде сөз болған табиғаттың жеті кереметінің біріне саяхаттап бардыңыз. Саяхатыңның бір күні туралы күнделік жазыңыз. Жазылымда бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданыңыз.

Дескриптор:

  • Саяхаты туралы күнделік жазады;
  • Мәтіндегі ақпараттарды қолданады;
  • Бірге,бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу