Табиғаттың жеті кереметі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттың жеті кереметі

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1. тақырып бойынша бірге, бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Сөздердің бірге, бөлек жазылуын ажырата алады;
  • Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

 Бағалау критерийлері

 

  • Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;
  • Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.
  • Бірге,бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Бірге, бөлек жазылатын сөздер

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыс

География

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақтардан жеке, бірге жазылатын сөздермен таныс

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім оқушыларға табиғаттың жеті кереметіне аттанатынын айтады.

Осы сапарға шығу үшін төмендегілердің ішінен ең керек деген екі нәрсені, еш қажеті жоқ деген екі нәрсені таңдап алу керектігін айтады. Не себепті екенін түсіндірулері керек.

Ал мына сөздерді тақтаға жазып қояды, не болмаса экраннан көрсетеді.

Ағаш тарақ, киіз үй, жұпар сабын, алтын жүзік, тебен ине, шаш кептіргіш, ағаш қасық, қол сағат, ат арба, тандыр нан.

Оқушылар өзіне керегін таңдап алған соң, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Ұсынылған сөздердің жазылуына назар аударыңыз.

Бұл сөздер неге бөлек жазылған?

Сөздер қай жағдайда бөлек жазылады деп ойлайсың?

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстырады, оқушылармен бірге талқылайды.

Суреттер, таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

10 минут

Мұғалім оқушыларға бөлек жазылатын сөздер туралы теориялық түсінік береді.

Тапсырма.

Мұғалім оқушыларға бірге, бөлек жазылатынын сөздерді ажыратып жазуын сұрайды.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, кейін мұғалім дұрыс жауапты өзі оқиды, оқушылар өзі-өзі тексеріп, дескрипторға сай бағалайды.

Беторамал, ешадам, бибилеу, біршөкім, жиырматоғыз, бастабақ, төсқалта, қойеті, асықжілік, біртүйір, қолұшын беру, қолүзу, тоқымажіп, шашкептіргіш, көшірмеқағаз,бірсәт,ҚазақстанРеспубликасы.

Дескриптор:

•Сөздердің қайсы бірге, қайсы бөлек жазылатынын ажырата алады;

•Емле ережесіне сүйеніп түсіндіреді.

Тапсырма.

Оқушыларға табиғаттың жеті кереметі туралы мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, ішінен бөлек жазылатын сөздерді анықтайды, не себепті бөлек жазылатынын түсіндіреді.

Дескриптор:

  • Мәтіннен бөлек жазылатын сөздерді тауып белгілейді;
  • Не себепті екенін түсіндіреді.

Тапсырма.

Мұғалім оқушыларға күнделік жазуды тапсырады.

Жоғарыда мәтінде сөз болған табиғаттың жеті кереметінің біріне саяхаттап бардыңыз. Саяхатыңның бір күні туралы күнделік жазыңыз. Жазылымда бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданыңыз.

Дескриптор:

•Саяхаты туралы күнделік жазады;

•Мәтіндегі ақпараттарды қолданады;

•Бірге,бөлек жазылатын сөздерді орынды қолданып жазады.

Жазылым тапсырмасын орындап болған соң, жұптар бір-бірінің жұмысына дескрипторға сай кері байланыс береді.

Оқу бағдарламасы, таратпа материалдар, бағалау парақтары

http://emle.kz/uploads/files/46774b23911507b22245ade7fa6a4289.pdf

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер»

Мұғалім сабақтың соңында оқушыларға аяқталмаған сөйлемдерді береді, оқушылар сөйлемдердің ішінен бірнешеуін таңдап, өздері аяқтайды.

Аяқталмаған сөйлемдер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу