Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 8 сабақ
Жазу үшін бірнеше кеңес
Қызықтыратын тақырыптар. Әдетте бұл тақырыптарлы өзіңіз таңдауыңызға болады немесе оқушылар таңдай алады, қалайда тақырыптар міндетті түрде қызығушылықты оята алатындай болуы керек.
Модельдер. Барлық жазатын адамдар басқалардың не жазғанын білгісі келеді.Тәжірибелі жазушылар балалар үшін жазушы моделі болып табылады. Тіпті кәсіби жазушылардың өзі қателеседі, алғашқы қадамдары сәтсіз болып жатады, оны өздері түзетеді, бұл әрдайым жасалатын қатаң бақылау және жазудың бірінші бөлігі дайын болғанға дейінгі түзетулер, бірақ біз оны жарияланған , дайын түрінде көреміз.
Жұмыстың нәтижесі, аудитория. Кейбір адамдар өзі үшін жазады, күнделік немесе өлең жазады, бірақ оны ешкімге көрсетпейді. Шындығында бұл дұрыс, өйткені өзіміз шығармамыздың алғашқы оқырманы боламыз. Дегенмен көптеген адамдар басқалардың да пікірін қажетсінеді.
Қайтадан қарау дағдысы. Жазушы алғашқы ойларын сыртқа шығармайды, ол қашалмаған тас сияқты, бірақ ол жұмыс жасаған кезде әдемі өңделген,әрленген нәрсеге айналады. Көптеген авторлар «жазу- қайта көшіру» деген қағидағы ұстанады.
Достық қолдау. Кәсіпқой жазушылар бір-бірімен бірігеді. Көбісіең аз дегенде айына бір рет кездесіп тұратын, жазушы топтарына кіреді. Олар өздерін түсінетіндермен не жазғандары туралы , өз жетістіктері мен қиыншылықтары туралы ой бөліседі.
Құттықтау хат үлгісі
Құрметті Асанәлі Әшімұлы!
Сізді Қазақстанның еңбек ері атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Елге және өнерге сіңірген еңбегіңіздің әр жылдары ең жоғары мәртебелі атақтармен және сыйлықтармен, түрлі мемлекеттік наградалармен аталып өтуі сіздің осы ғибратты өмір жолыңыз бен жемісті шығармашылық еңбегіңіздің лайықты әрі айшықты нәтижесі екені сөзсіз.Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін. Әрқашан еліміз бен халқымыздың құрметі мен қошеметіне бөлене беріңіз!
Құрметпен,
Қызылорда облысының мәслихат депутаттары
Мәслихат хатшысы Н. С. Байқадамов
Қымбатты ақтөбеліктер,
Қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлері !
Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!
Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.
Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Ақтөбеліктер бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.
Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды.
Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!
Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.
Тыңдалым мәтіні
Домбыра туралы баллада
Сөзі: Кеңес Дүйсекеев
Әні: Шөмішбай Сариев
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегiнiң, жүрегiнiң, жүрегiнiң дүрсiлi –
Күмбiрлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегiнен жаралған,
Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзiледi, үзiледi, үзiледi әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегiнен жаралған,
Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!
Домбырадай шежiре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегiнен жаралған,
Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?