Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Әлемнің жеті кереметі

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Жакыпжанова А.С

Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

6.3.2.1. жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Ән тыңдап, мазмұнын түсінеді;
  • тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шынайы өмірмен байланыстара алады;
  • құттықтау хат құрастырып жазады;
  • жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап жазады.

 Бағалау критерийлері

 

Тыңдалым:

  • Ән тыңдап, мазмұнын түсінеді;
  • тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шынайы өмірмен байланыстара алады.

Жазылым:

  • құттықтау хат құрастырып жазады;
  • жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жазылым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

ұлттық мәдениет, бабалар мұрасы, қасиетті, дала үні, құндылығымыз, думанды, қызыққа толы, домбыра үні, рухани баю, рахатқа бөлену, күй тыңдау, ғажап күйге ену

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

 Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ әдебиеті

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Оқушыларға еліміздің жеті кереметінің суреттері көрсетіледі. Суреттің ішінде біреуі артық оқушылар артығын дұрыс табулары қажет.

Сабақтың тақырыбын анықтағаннан соң, оқу, сабақ мақсаттары және бағалау критерийлерін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды.

Суреттер, таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

20 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма.

«Сен білесің бе?»

Оқушыларға төмендегі сұрақтар беріледі, олар орындарынан тұрып, бір-бірінен сен білесің бе деп сұрайды. Барлық сұрақтың оң жауабын тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

  • Домбыраның құрылысын
  • Домбыраның шығуы туралы аңыздарды
  • Домбыра туралы өлең, ән
  • Атақты домбырашы, күйшілерді
  • Домбыра үйірмесіне қатысатындарды
  • Домбыра тартуды білетіндерді

Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

•Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;

•шынайы өмірден мысалдар келтіреді;

•өлеңдегі ойға қатысты жеке пікірін білдіреді.

Жұптар бірін-бірі тыңдап, дескрипторға сай бағалайды, кері байланыс береді.

Жазылым тапсырмасы.

Оқушыларға шағын хабарлама мәтіні ұсынылады. Оқушылар хабарламаны оқып, төмендегі сұрақтарға жұпта жауап береді.

Ұлттық домбыра күні атап өтілетін туралы білдіңіз бе?

Ұлттық домбыра күнін тойлау керек деп ойлайсыз ба?

Ол күні қандай шаралар орын алады деп ойлайсыз?

Тапсырма.

Оқушылар сұрақтарды талқылап болған соң, Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, құттықтау хат жазады.

Дескриптор:

Құттықтау хат жазады;

белгілі бір аудиторияға бағыттайды;

мерекенің маңыздылығына тоқталады;

тілек білдіреді;

құрылымын сақтап жазады;

тірек сөздерді пайдаланады;

сауатты жазады.

Тапсырманы орындап болған соң, жұптар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды.

Оқу бағдарламасы, таратпа материалдар, бағалау парақтары

http://ander.kz/%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D0%B1%D1%8B%D1%80%D0%B0-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D0%B4%D0%B0/

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер ұсынылады. Оқушылар осы сөйлемдерді өздері толықтырып, бүгінгі сабаққа кері байланыс береді.

Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу