Қазақтың салт-дәстүрлері – ұлттық құндылық. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер |
Шілдехана |
Балаға ат қою |
Бесік тойы |
Баланы қырқынан шығару |
Тұсаукесер тойы |
Тілашар тойы |
Атқа мінгізу тойы |
Сүндет тойы |
Тоқым қағар |
Түсінік |
Жаңа туған нәрестені әртүрлі «жын -шайтан», «перілердің» салқынынан, қорғап, күзету үшін өткізілетін салт-дәстүр. |
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. |
Нәрестеге үш күннен қалмай ат қойылады. |
Бүлдіршіннің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі «тілашар» тойы ырымын жасайды. |
Сәби жүре бастаған кезде ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен жасалады. |
Қырық күн толғаннан соң нәрестенің «сүт тырнағы» мен «қарын шашын» алып, теңгелер салған су құйып, шомылдырады. |
Баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді. |
Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі. |
Ер балаларды 5-7 не 9 жасында сүндетке отырғызады. |
2-қосымша
А мәтіні. Айт күндері
... Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Бәрі де киінген. Жүздерінде әлденедей бір қуаныштың белгісі бар. Жер ошақ біткеннің көбінде асылған қазан, ақ көбігі бұрқылдап семіз ет қайнап жатыр... Кәрі-құртаң шалдар, кемпірлер екеу-екеу көлеңкеде отыр.
– Жарықтық-ай, бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау!..
Ауылдың орта жеріндегі бір үйдің алдында үйме-жүйме болған кісі. Ішінде кәрілеу кемпірлер, бірен-саран шалдау адамдар да бар...
Біреуі пышақ қайрап, бір жігіт семіздеу қызыл өгізді ұстап тұр.
Шеттен келген адам:
– Құрбандық қабыл болсын, – дейді.
– Әмин, айтқаның келсін! – дейді шалдар.
– Неғып кеш қалып жатырсындар?
– Малдың табылғаны-ақ осы болды... шетінен ұстап соятын бұрынғы дәуір қайда...
Жұмағазы Зәйкүлмен шетте сөйлесіп тұр...
– Сен шалсайшы, мен кәйтейін.
– Қой, ойбай, өзің кір, мен ренжімеймін.
– Кір, кемпір, Жұмекең рұқсат берген соң, несіне тоқталасың.
– Ия, шын айтам. Шала ғой, мен бұрын да шалып жүрмін ғой... құдай қабыл қылса махрұм қылмас...
– Қой, мені әуре қылма...
– Неге?
– Соны қалай шалатынын да, намазын қалай оқитынын да білмеймін.
3-қосымша
Ә мәтіні. Қонақ асы
Ерте заманнан-ақ қазақ даласында әрбір жолаушы кезіккен қазақ үйінен қонақ асын – «бөлінбеген еншім» деп талап етуге ерікті болған. Халық аңызында бұл дәстүр Алаша ханның атымен тығыз байланысты. Алаша хан өзінің барлық мал-мүлкін тең етіп төртке бөледі де үш бөлігін үш баласы – Ұлы, Орта, Кіші жүзге еншілікке береді, төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуіне ортақ меншік ретінде қалдырады. Қонақтардың қазақ үйінен қонақасын – «бөлінбеген еншім» деп талап етуге құқылы екендігінің сыры осы.
Қазақ үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, табақ тартады. Бұл – қонақ асы. Ол – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Үйіне қонақ түскенін мәртебе, бақытқа балаған қазақтар семіз қойын, басқа да малдарының қадірлі мүшелерін, тәтті тағамдарын «қонаққа» деп әдейі сақтап қоятын-ды. Яғни, қонақ асы – қонаққа арналған дәм, мәзір. Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тосын келген құдайы қонаққа, қалап шақырылған арнайы қонаққа жас мөлшеріне, туыстық жақындығына, абырой-мәртебесіне қарай сойылған мүшелерінен сыбағалы табақ тартады.
4-қосымша
Орындаған оқушылардыңң аты-жөні:
А мәтіні | Ә мәтіні |
тақырыбы | |
мазмұны | |
стилі | |
тілдік ерекшеліктері | |
5-қосымша
1-мәтін
Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
2-мәтін
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл - ел болып, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?