Отбасылық мерекелер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Күні:

Сынып: 6 Т1

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отбасылық мерекелер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.6.1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: пунктуациялық ережелерді біледі, қателерді емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді.

Көптеген оқушылар: мәтіндегі пунктуациялық қателерді емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялайды.

Кейбір оқушылар: мәтінді редакциялап, шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері

Пунктуациялық ережелерді біледі.

Мәтіндегі пунктуациялық қателерді анықтап түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мемлекеттік мереке, отбасылық мереке, ұлттық мереке, діни мереке, кәсіби мереке, мемлекеттік мәртебе 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біздің отбасымызда, тойлаймыз, мереке, мейрам, ерекшелігі, отбасы мүшелері

Құндылықтарды дарыту

Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, әділ бағалауға тәрбиелеу.

Тақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде отбасылық мерекені отбасылық құндылықтарды сақтаудың бір жолы ретінде қарастыруға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар пунктуация ұғымымен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

Ұйымдастыру кезеңі

Стартер. Оқушыларға шағын мәтін ұсынылады, мәтінді оқып шығып, тыныс белгілерін дұрыс қою тапсырылады. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мереке бір адамның құрметіне немесе белгілі бір жағдайға байланысты ұйымдастырылатын қуанышты күн ол адамның күнделікті өмірінде үзіліс жасап қуаныш пен көңіл-күйді жақсартып ең бастысы адамның жеке эмоциясын көпшілік ортада сыртқа шығарады

Сұрақ-жауап:

  • Мереке дегеніміз не?
  • Қандай мерекелерді білесіңдер?
  • Мерекелерді қандай түрге бөлуге болады?

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

1-қосымша

Сабақтың ортасы

7-9

9-15

15-25

25-30

30-35

Топтық жұмыс

Оқушылар «Пазл жинау» әдісі бойынша топтарға бөлінеді

(сурет топтағы бала санына қарай бөлшектенеді).

1)

2)

3)

4)

ТЖ. Жазылым алды тапсырмасы.

Оқушылар мәтіндерді оқиды. Мәтінде айтылған мерекелер отбасыларында қалай тойланатыны туралы ақпарат береді. Топ өкілі сыныптастарына топтағы талқылауды қысқаша таныстырады.

ЖЖ. Жазылым тапсырмасы

Оқушылар үтір туралы ақпаратты (4-қосымша) қолдана отырып, мәтіндегі сызықтарың орнына қажетті болған жағдайда тыныс белгілерін қояды. Қойылу себебін түсіндіреді.

Тапсырма:

Мәтіндердегі сызықтардың орнына қажетті болған жағдайда тыныс белгілерін қойыңдар. Тыныс белгінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Дескриптор:

  • Тыныс белгісін орынды қолданады.
  • Қолданылу себебін түсіндіреді.

Оқушылар топта қойған тыныс белгілерін талқылап, топқа дұрыс нұсқасын шығарады.

Топтар жұмыстарының соңғы нұсқаларымен алмасады, бірін-бірі тексереді.

Ж. Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар өз отбасында тойланатын мереке туралы шағын мәтін құрастырады. Мәтінде үтірді орынды қолданады.

Тапсырма:

Отбасыларыңда тойланатын ерекше мереке туралы мәтін жазыңдар. Үтірді орынды қолданыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтін құрылымын сақтайды.
  • Тақырыпты ашып жазады.
  • Үтірді орынды қолданады.

2-қосымша

3-қосымша

1-мәтін

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/9266/

2-мәтін

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-kazakstandyiktardyi-otbasyi-kun-merekesmen-256671/

3-мәтін

http://kaztrk.kz/news/portal/page-11471-8-nauryz-merekesi-kalai-paida-bolhan-35389

4-мәтін

http://www.inform.kz/kaz/article/2523244

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Оқушылар «Плюс-Минус-қызығамын» кестесін толтырады.

Плюс +

Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жайттар жазылады.

Минус –

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жайттар жазылады.

Қызығамын

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауап беріледі.

5-қосымша

8-слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға мәтін тарату кезінде оқушылардың деңгейлеріне сай таратуға болады.

Өзара бағалау кезінде және жекелеген бағалау барысында оқушылардың материалды меңгеру деңгейлері анықталады.

Топтық, жеке жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу