Отбасындағы әкенің рөлі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Отбасындағы әкенің рөлі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме құрастырып жазу

 Сабақтың мақсаттары

Мінездеме жазу

 Бағалау критерийлері

Мінездеменің тілдік ерекшеліктерін сақтайды;

Құрылымын сақтап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Мінездеме, жанр, стиль, құрылым, әке, қамқорлық, турашылдық, адалдық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:

Мінездеме, ...берілді, білім алды, жетік меңгерген, қызмет істейді.

Құндылықтарды игерту

Тақырып аясындағы мәтін арқылы отбасындағы әкеге құрмет құндылығын, қазақы тәрбиенің мәнін түсінеді.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар мәтіндердің құрылымдық ерекшеліктерін, жанр мен стиль ұғымдарын білуі қажет.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Оқушыларға әке туралы мақалдардан алынған сөздер ұсынылады. Оқушылар топтасып, мақалдарды құрастырып шығулары қажет.

Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әкелі бала жаужүрек,

Әкесіз бала сұмжүрек

Жақсы әке жаман балаға,

Қырық жылдық ризық.

Әкең болса ауылда, дастарқаның жаныңда.

Мақалдарды құрастырғаннан кейін топта ақылдасып, мақалдың мәнін түсіндіріп береді, бүгінгі сабақтың тақырыбын болжайды.

1-қосымша

Сабақтың ортасы

5-10

10-12

12-15

15-20

20-22

22-24

24-33

33-35

35-38

ТЖ. Жазылымалды тапсырма.

Оқушылар «Тұрағұл Абайұлы: Әкем Абай туралы» мәтінімен танысады.

Оқушылар мәтін негізінде Абайдың мінезін ой картасына салады. Тұрағұлдың әкесіне деген қарым-қатынасын анықтайды.

Тапсырма:

Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтін негізінде Абайдың мінезін, қасиеттерін анықтап, ой картасын сызыңдар. Тұрағұлдың әкесіне деген қарым-қатынасын анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Абайдың мінезін (кемінде 5) анықтайды.
  • Мәтіннен дәлел келтіреді.
  • Тұрағұл мен Абай арасындағы отбасылық құндылықты анықтайды.
  • Мәтіннен дәлел келтіреді.

Топтар ой карталарымен алмасады.

Бағалау.

Стикерлерге дескриптор бойынша топтың жетістіктері мен өз ұсыныстарын жазады.

Оқушылар ресми мінездеме мәтінімен танысады. Абай туралы жазылған мінездеме мен ресми мінездемені құрылымы, тілдік ерекшелігі, стилі бойынша салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы бойынша анықтады.

Тапсырма:

Ә мәтінін мұқият оқыңдар. А және Ә мәтінін салыстырыңдар, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасына салыңдар.

Дескриптор:

  • А және Ә мәтінінің құрылымы бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
  • А және Ә мәтінінің тілдік ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Топтан өкілдер сайланады. Басқа топқа өз диаграммаларын таныстырады.

Бағалау.

Өкілді тыңдаған топ оқушылары дескриптор бойынша кері байланыс береді, бағалайды.

Оқушылар ресми мінездеменің құрылымын топта талқылап, тақтаға жазады.

Ж. Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар әкелерінің мінездемесін ресми мінездеменің үлгісінде жазады.

Тапсырма:

Әкелеріңнің немесе ағаларыңның мінездемесін жазыңдар.

Дескриптор:

  • Мінездеменің құрылымдық ерекшеліктерін сақтап жазады.
  • Мінездеменің тілдік ерекшеліктерін сақтайды.
  • Орфографиялық норманы сақтап жазады.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар Тұрағұл Абайұлы жазған мәтіннің үлгісімен өз әкелерін әдеби стильде мінездейді.

Тапсырма:

Тұрағұл Абайұлы жазған мәтіннің үлгісімен өз әкелеріңді әдеби стильде мінездеңдер.

Дескриптор:

  • Мәтін құрылымын сақтайды.
  • Кейіпкердің ерекше қасиеттері мен мінездерін сипаттайды.

«Ыстық орындық» әдісі.

Оқушылар бір-бірден сыныптың ортасына қойылған орындыққа отырып, өз мінездемелерін айтады.

А мәтіні

(мәтін ықшамдалып алынды, 2-қосымша)

http://adebiportal.kz/kz/news/view/13467

3-қосымша

Мәтін

(4-қосымша)

https://surak.baribar.kz/95664/

5-қосымша

8-слайд

Сабақтың соңы

38-40

Рефлексия

Оқушылар «Менің сабақтан кейінгі әсерім» картасын толтырады.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?

6-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Мінездеменің құрылымын, жанрлық және стильдік ерекшеліктерін жете меңгерулері үшін жазылымалды тапсырма ретінде мәтіндермен танысып, ерекшеліктерін көру жоспарланды.

Қабілеті төмен оқушыларға мінездемені үйден жазып келуге немесе ақпарат жинастырып келуге тапсырма беруге болады.

Оқушылардың өзара бағалаулары мен жазба жұмыстары сабақ мақсатын қандай деңгейде меңгергендері туралы ақпарат береді.

Оқушылардың топтық жұмыс кезінде және жұмыстарымен алмасқан кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау қажет.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу