Отбасылық мерекелер. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
Мереке бір адамның құрметіне немесе белгілі бір жағдайға байланысты ұйымдастырылатын қуанышты күн ол адамның күнделікті өмірінде үзіліс жасап қуаныш пен көңіл-күйді жақсартып ең бастысы адамның жеке эмоциясын көпшілік ортада сыртқа шығарады
2-қосымша
1) | 2) |
3) | 4) |
3-қосымша
1-мәтін
Ежелгі жыл санағы бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні___жыл басы___көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың___Әз Наурыз» ___ «Әз болмай___мәз болмас» деп қарсы алған.
Наурыз мейрамы діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып___ күн нұрына бөленіп___жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып___игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз___ Наурызгүл___Наурызжан___ер балаларға Наурызбай___Наурызбек___Наурызхан деген есім берген.
Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев наурыз айының 21___22___23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.
2-мәтін
Отбасы күні елімізде алғаш рет 2013 жылы 8 қыркүйекте аталып өткен. Н.Ә.Назарбаев табандылық___ еңбексүйгіштік___туған жерді қастерлеу___ үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын айрықша атап өтті.
«Отбасы күні осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып___жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға___ аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек. Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі___ экономикадағы___мәдениеттегі___әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең басты мақсаты – әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқатын арттыру», – деп баса айтылған Мемлекет басшысының құттықтауында.
Отбасы күні Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтеді.
3-мәтін
1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі ерлер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөліп, сыйлық алып___ мәре-сәре болып жатады. Бірақ көпшілік бұл мейрамның қашан және қайдан келгенін біле бермейді. Мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.
1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йоркте тігін және аяқ-киім фабрикаларының жұмысшы әйелдері манифестке жиналады. Олар 10 сағаттық жұмыс күнін___ жарық әрі құрғақ жұмыс орындарын___ ер адамдармен бірдей жалақы мөлшерін талап еткен еді.
1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда Клара Цеткин 8 наурыз күнін халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы ұсыныс жасайды.
Уақыт өте бұл мейрам саяси мәнін жоғалта бастайды. 8 наурыз мейрамы ТМД елдері арасында әлі де тойланып келеді. Әзірбайжан___ Грузия___Қырғыз Республикасы___ Молдавия___ Ресей___ Тәжікстан___ Түрікменстан___ Украина___ Беларусь елдерінде Әйелдер күні ретінде аталып өтсе___ Армения мен Өзбекстанда аналар күні болып саналады.
4-мәтін
1-2 қаңтар Қазақстан Республикасында Жаңа жыл мерекесі болып табылады. Жаңа жылды атап өту дәстүрі біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта Месопотамиде пайда болған. Деректерге сүйенсек___ жылдың 1 қаңтардан басталуы б.д. дейінгі 46 жылы рим басшысы Юлий Цезарьмен белгіленген. Ежелгі Римде бұл күн таңдаулар___ есіктер және барлық бастаулардың құдайы – Янустың құрметіне арналған. Көптеген елдер Жаңа жылды 1 қаңтар күні___ григориан күнтізбесі бойынша жылдың бірінші күнінде___ атап өтеді. Сағат белдеуіне байланысты Жаңажылдық мерекелер алғашқы болып Тынық Мұхитында Кирибати аралдарында басталады. Ал ескі жылды ең соңғы болып Тынық мұхитындағы Мидуэй аралы шығарып салады.
Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі 1-2 қаңтарда атап өтіледі және олар демалыс күндері болып табылады. Жаңа жыл – Қазақстандағы ең танымал мерекелердің бірі. Оны қарсы алу шаралары 31 желтоқсанның кешінен басталады. Жаңа жыл қарсаңында___ дәстүр бойынша___ел Президенті халыққа құттықтауын жолдайды.
4-қосымша
Үтір – тыныс белгілердің ішіндегі ең жиі қолданылатын тыныс белгі. Үтірдің сөйлемнің құрылысына, мағынасына байланысты қолданылады.
Бірыңғай мүшелер арасында қойылатын үтір
Жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай мүшелер арасында үтір қойылады. Арай, Жанар, Мақсат және Құралай – жақсы достар.
Бірыңғай мүшелер арасындағы да, де, та, те, не, я, немесе, әлде, бірде, біресе, кейде жалғаулықтары екі немесе одан да көп қайталанса, бірыңғай мүшелер үтірмен ажыратылады. Анар да, Мақсат та үздік оқушылар.
Мен, бен, пен, я, яки, әрі, немесе, әлде, болмаса деген жалғаулықтар бірыңғай мүшелер арасында қайталанбай бір рет келетін болса; бірыңғай мүшелердің арасында әртүрлі жалғаулықтар келетін болса, бірыңғай мүшелер арасында үтір қойылмайды.
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір негізінен интонацияға катысты. Сөйлем құрамындағы қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылатын болса, леп белгісі қойылады да, ал жай баяу дауыспен айтылатын болса, үтір қойылады. Арман, сабаққа дайынсың ба?
Қаратпа сөздің сөйлемде орналасуына қарай үтірдің орны да өзгеріп тұрады. Қаратпа сөз сөйлемің басында келсе, үтір қаратпа сөзден кейін қойылады. Балам, бері келші.
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында қолданылса, үтір қаратпа сөздің алдында да, қаратпа сөзден кейін де қолданылады. Домбыраны әкелші, Жанар, үстелдің үстінде тұр.
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір қаратпа сөздің алдында қойылады. Мен кеше келдім, құлыным.
Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір
Адамның түрліше сезімін білдіретін амал қанша, несін айтасыз, бәсе, әрине, рас, сірә, тегінде, асылы, бәлкім, шамасы, айтпақшы, мүмкін, бақытымызға қарай, соры қайнағанда тәрізді қыстырма сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің өзге мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады. Үтірдің қойылу реті қаратпа сөзге қатысты қойылу ережесімен бірдей.
Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін жұрт айтқанда, оның айтуынша, менің айтуымша, сіздіңше, оларша, оның ойынша, әлі есімде, шынымды айтсам, ұмытпасам сияқты қыстырма сөздер де сөйлемдегі өзге мүшелерден үтірмен ажыратылады.
Мысалы, мәселен, сондай-ақ, сонымен қатар, сонымен қоса, біріншіден, екіншіден, үшіншіден сияқты қыстырма сөздер сөйлемде үтірмен ажыратылады.
Одағайларға байланысты қойылатын үтір
Қаратпа, қыстырма сөздер тәрізді одағайлар да сөйлем құрамындағы өзге мүшелермен синтаксистік байланысқа түспейтіндіктен, тыныс белгісімен ажыратылатыны. Жай қалыпты дауыспен айтылған одағайлар хабарлы сойлем құрамында қолданылғанда үтірмен ажыратылады. Қап, алақай, бәле, ойхой, бәрекелді, әттең, жә, тәйт, т.б.
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір
Сөйлемнің құрамындағы екі немесе одан да көп жай сөйлемдердің арасы үтірмен ажыратылады. Бүгін күн жылы болғанымен, Жанар сәл тоғазып қалған еді. Алма жұмыстан келіп, тамақ әзірлеуге кірісті. Күш шайдай ашылды, қаңқылдаған қаздардың үні естілді.
Жай сөйлемдердің арасында шылаулар қолданылатын болса, үтір шылаудың алдында қойылады. Мен үйге ерте келдім, бірақ түкке үлгермедім. Қанат мұз айдынына барды, себебі достары кеше шақыған еді.
Сөйлем себебі, сондықтан, бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, егер сөздерінен басталса, бұл сөздерден кейін үтір қойылмайды. Дегенмен мен жазылып кеттім. Себебі ол келмейтінін айтты.
Егер жай сөйлемдер және, немесе, не шылаулары арқылы байланысса, үтір қойылмайды. Мен байқауға қатыстым және бассейнге бардым. Ол мектепке келеді немесе кітапханаға барады.
5-қосымша
Плюс + | |
Минус – | |
Қызығамын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?