Құндылықтарымызды сақтайық. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6 Т1
  • Қатысқан оқушылар саны:
  •  Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Құндылықтарымызды сақтайық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану)

 Сабақтың мақсаттары

Екпінді айтылым барысында орынды қолдану

 Бағалау критерийлері

Логикалық екпінді орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Атадан балаға мұра, адалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, құрмет, қамқорлық

Екпін, логикалық екпін

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біздің пікірімізше...

Мынандай дәлелдер келтіремін...

Сіздерді... шақырамын

Қорытындылай келе...

Түйіндеп айтсақ...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...

Құндылықтарды игерту

Оқушылар құндылықтарды сақтаудың қажеттілігі, маңызы туралы ой түйеді.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар екпін ұғымымен таныс болулары қажет.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

ТЖ.

Оқушылар топта ұлттық құндылықтарды сақтаудың қоғам, мемлекет үшін пайдасын кластерге түсіреді.

Кластерлерін сынып қабырғаларына іліп қояды.

1-қосымша

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-35

ТЖ.

Оқушылар мұғалім ұсынған мақал-мәтелдерді оқиды. Мақал-мәтелдерде айтылған құндылықтарды анықтайды.

Мақал-мәтелдер:

  • Отбасы жоқ адам жемісі жоқ ағаштай.

Бірлігі жоқ отбасында береке болмайды.

Отбасы — бақыт бастауы.

Жақсы отбасы – жақсы балалардың ұясы.

Көңіл жайлы үйде қайғы жоқ.

Қарты бар үй – қазынасы бар үй.

Ынтымақты үйде ырыс көп.

Бірлігі күшті отбасына ешбір сын қауіпті емес.

Шындығы жоқ үйдің шырайы да жоқ.

Ауызбіршілікті болу отбасын нығайта түседі.

Төрт көзі түгел отбасының төрт қабырғасы бүтін.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Тапсырма:

Мақал-мәтелдермен танысыңдар. Әрқайсысында қандай құндылық айтылғанын анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Мақал-мәтелдерде айтылған құндылықты анықтайды.
  • Өз пікіріне дәлел келтіреді.

Топтар өз жауап нұсқаларын ұсынады, басқа топтармен салыстырады.

Оқушылар мақал-мәтелдердің үшеуін таңдап, «Адам өміріндегі және қоғамдағы отбасының рөлі» тақырыбында пайымдау мәтінін дайындайды. Өз пікірлерін білдіру барысында мәтін идеясын жеткізетін сөздерге екпін қойып айтады. Сабақтың басында жасаған кластерлерін қолданады.

Тапсырма:

Мақал-мәтелдердің ішінен кем дегенде үшеуін таңдаңдар. Осы мақалдарда айтылған құндылықтар туралы «Адам өміріндегі және қоғамдағы отбасының рөлі» тақырыбында пайымдау мәтінін дайындаңдар.

Мәтінді сынып алдында айтып беріңдер.

Дескриптор:

  • Пайымдау мәтінінің құрылымын сақтайды:
  • Кіріспеде өз пікірлерін (позицияларын) білдіреді.
  • Негізгі бөлімде мақалдарда айтылған құндылықтардың әрқайсысына тоқталады. Оларды сақтаудың маңызын түсіндіреді.
  • Қорытындыда бұл құндылықтарды сақтаудың адам, қоғам, мемлекет, әлем үшін пайдасын айтады.
  • Мәтіндегі идеяны жеткізетін сөздерге логикалық екпін түсіріп айтады.

Бағалау.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Бағалау парағы

Бағаланатын топ:

Бағалаушы топ:

Дескриптор

Комментарий

1

Кіріспеде өз пікірлерін (позицияларын) білдіреді

2

Негізгі бөлімде мақалдарда айтылған құндылықтардың әрқайсысына тоқталады.

3

Оларды сақтаудың маңызын түсіндіреді.

4

Қорытындыда бұл құндылықтарды сақтаудың адам, қоғам, мемлекет, әлем үшін пайдасын айтады.

5

Мәтіндегі идеяны жеткізетін сөздерге логикалық екпін түсіріп айтады.

2-қосымша

3-қосымша

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Оқушылар «Табыс баспалдағының» қай тұсында тұрғанын белгілейді.

4-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Үлгерімі төмен оқушыларға екпін, логикалық екпін туралы ақпарат беруге болады (http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=r;1346).

Топтық бағалаудың нәтижесінде оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін анықтауға болады.

Топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу