Отбасы күні. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтыңтақырыбы

Отбасы күні

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазу

 Сабақтың мақсаттары

Құттықтау жазу

 Бағалау критерийлері

Мәтін құрылымын сақтайды.

Жанрлық ерекшеліктерін ескеріп жазады.

Стильдік ерекшеліктерін сақтап жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Отбасы күні, тілек, ниет, мәтін құрылымы, жанрлық ерекшелігі, стильдік ерекшелігі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құттықтаймын,

Тілеймін,

Құтты болсын,

Қазақстандықтар,

Мерекенің маңызы,

Тілек білдіруші

Құндылықтарды игерту

Тақырып аясында ұсынылған мәтін негізінде отбасының адам өміріндегі маңызын, отбасы күні арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық құндылығының артатыны туралы ой түйеді.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар мәтін құрылымы, жанр, стиль деген ұғымдармен таныс болулары қажет.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

ТЖ.

Оқушыларға жеті атаның (жеті ұрпақтың) атаулары жазылған қағаздар беріледі. Оқушылар оларды рет-ретімен орналастырулары қажет.

  • Бала
  • Немере
  • Шөбере
  • Шөпшек
  • Немене
  • Туажат
  • Жүрежат

Сабақтың ортасы

5-15

15-17

17-25

25-32

32-35

ТЖ.Жазылымалды тапсырма.

Оқушылар екі мәтінмен танысады. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, тақырыптық жоспар жасайды. Тілдік ерекшеліктерін табады.

1-мәтін:

Отбасылық құндылықтар — бұл отбасының барлық мүшелері үшін маңызды, құнды, құрметті нәрселер, олардың ортақ қызығушылықтар алаңы.

Көптеген адамдар үшін отбасылық құндылықтар шамамен бірдей болып келеді: сүйіспеншілік, ата-ана болу, адалдық, сенім, өзара құрмет, қамқорлық, ата-бабалармен байланыс, үй... Бір сөзбен айтқанда, онсыз отбасын «отбасы» деп айту мүмкін емес жайлар. Ол – ол ма — осы факторлардың жинақтаушы элементі ретінде отбасының өзі де құндылық!

Отбасылық құндылықтардың болжалды тізбесі:

• әр отбасы мүшесіне деген құрмет, қамқорлық,

• қаржылық қамтамасыз етілу,

• денсаулық, сүйіспеншілік, өзара түсіністік,

• ортақ мақсаттар,

• отбасылық дәстүрлер,

• білім алу,

• ұрпақтар байланысы,

• балалар,

• ортақ достардың болуы,

• адал берілушілік,

• абырой.

2-мәтін:

 Құрметті отандастарым!

 Елімізде алғаш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.

 Мен барлық қазақстандықтарды шын жүректен жаңа мерекемен құттықтаймын!

 Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.

 Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.

 Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.

 Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау - бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы.

 Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілеймін. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.

 Қазақстан Республикасының Елбасы

 Н.Ә.Назарбаев

Тапсырма:

Екі мәтінді Тақырыптық жоспар жасап, құрылымын анықтаңдар. Тілдік ерекшеліктерін табыңдар.

Дескриптор:

  • Әр мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерін анықтайды.
  • Мәтіннің тақырыптық жоспарын құрастырады.
  • Мәтінде қолданылған тілдік ерекшеліктерді анықтайды.

Оқушылар жауаптарын постерге салады.

Бағалау.

Постерлер кабинет қабырғаларына ілінеді. Оқушылар постерлерді аралап жүріп, стикерге өз пікірлерін жазады.

Постерлер топтарға қайтарылады.

СЖ. Құттықтаудың құрылымдық, стильдік ерекшеліктері талқыланады.

Ж. Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар отбасын немесе отбасының бір мүшесін отбасы күнімен құттықтап мәтін жазады.

Тапсырма:

Отбасыңды немесе отбасыңның бір мүшесін Отбасы күні мерекесімен құттықтап, құттықтау мәтінін жазыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтін құрымын сақтайды:
  • Кіріспе бөлімінде құттықтаудың кімге арналғандығын жазады, мерекемен құттықтайды.
  • Негізгі бөлімде мерекенің маңызын, мәнін жазады.
  • Қорытындыда тілегін жазады, құттықтаудың авторын көрсетеді.
  • Тілдік ерекшеліктерін сақтап жазады.
  • Орфографиялық нормаларды сақтап жазады.

Оқушылар жазбаларын сынып қабырғаларына іледі, әр оқушы кемінде 2 құттықтауды оқып, өз комментарийін стикерге жазып қалдырады.

ТЖ. Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар мерекелерді тойлатудың кұшті жақтары мен әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін топта талқылап, SWOT кестесіне толтырады.

S

Күшті жақтары

Мерекелерді тойлатудың қандай жақсы тұстары бар екендігі көрсетіледі.

W

Әлсіз жақтары

Мерекелерді тойлатудың қандай жаман жақтары бар екендігі жазылады.

O

Мүмкіндіктері

Күшті жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай пайдасы бар екендігі көрсетіледі.

T

Қауіптері

Әлсіз жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай зияны бар екендігі жазылады.

Тапсырма:

Мерекелерді тойлатудың қандай пайдалы, зиянды жақтары және мүмкіндіктер мен қауіптері бар екендігін топта талқылаңдар.

Кестені толтырыңдар.

Дескриптор:

  • Мәселенің жақсы тұстарын көрсетеді.
  • Пайдалы тұстарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай пайдасы бар екендігі көрсетіледі.
  • Мәселенің жаман жақтарын жазады.
  • Жаман жақтарының отбасы қарым-қатынасы, қоғам, мемлекет үшін қандай зияны бар екендігі жазылады.

Бағалау.

Топтар кестелерімен алмасады. Дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізеді. Кері байланыс береді.

Мәтін

1-қосымша

https://www.inform.kz/kz/memleket-basshysy-n-nazarbaevtyn-otbasy-kunimen-kuttyktauy_a2587684

постер

2-қосымша

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Кемпірқосақ» әдісі

Оқушыларға кемпірқосақтың суреті ұсынылады. Әр түсіне сәйкес оқушылар сабақтағы іс-әрекеттері бойынша кері байланыстарын жазады.

3-қосымша

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Оқушыларға құттықтаудың үлгісін беріп, талдату арқылы олардың сабақ мақсатына жетуіне жағдай жасалды. Бір-бірінің жұмысын тексеру арқылы өз жетістіктері мен кемшіліктерін көруге мүмкіндік бар.

Өзара, топтық бағалау, жазба жұмысы арқылы оқушылардың қажеттіліктері мен жетістіктерін анықтауға болады.

Бағалау кезінде, топтық жұмыста қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу