Отбасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлттық және отбасылық құндылықтар | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтыңтақырыбы | Отбасы | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.2.1 әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдау | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінде көтерілген мәселені анықтау; Мәселе бойынша пікір білдіру | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтінде көтерілген проблемалық мәселені анықтай алады. Мәселенің туындау себебін анықтайды, шешу жолдарын ұсынады. | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: отбасы, қамқорлық, сүйіспеншілік, отан, құттықтау, монолог Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша... Біздің пікірімізше... Мәтінде ... мәселесі көтерілген Туындау себептері... Мәселені шешудің оңтайлы жолдары... ...ұсынамыз | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Мәтін мазмұны негізінде қамқорлық құндылығының маңыздылығын түсінеді. Өзара бағалау кезінде әділ баға беруге дағдыланады. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет, өзін-өзі тану | ||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар мәтін тақырыбы, мәселесі, құрылымы деген ұғымдармен таныс болулары қажет. | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 | «Жасырылған сөзді тап» ойыны. Оқушыға бір сөз беріледі, оқушы сол сөзді синонимдерді, анықтамасын қолдана отырып, сыныптастарына түсіндіріп берулері қажет. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіреді. Ұсынылатын сөздер: адалдық, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, мейірімділік | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-10 10-20 20-28 28-35 | ТЖ.Тыңдалымалды тапсырма. Оқушылар отбасымен бірге тойлайтын мерекелер туралы топта әңгімелеседі.
Топ өкілі сұрақтардың жауабын сынытастарына таныстырады. ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар тыңдалым мәтінін тыңдайды. Мәтін: Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты. Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін қабылданды. 1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді. Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, кестені толтырыңдар. Көтерілген мәселені, туындау себептерін; оны шешу жолдарын, қорытынды ой шығарыңдар. Дескриптор:
Жетелеуші сұрақтар:
Топтар өз талдауларын сыныптың алдында қорғайды. Өзара бағалау жүргізеді. Бағалау парағы Бағаланатын топ: Бағалайтын топ:
Ж. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Оқушыларға дастархан басындағы отбасылардың суреттері ұсынылады. Оқушылар бір суретті таңдап, сипаттау мәтінін құрастырады. Тапсырма: Берілген суреттердің бірін таңдап, суретті сипаттаңдар. Дескриптор:
Бағалау. Оқушылар жұптасып, өз мәтіндерін айтып береді. Өзара бағалау жүргізіледі. | 2-қосымша 3-қосымша | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Күн көзі» әдісі. Оқушыларға сары түсті қағаз беріледі. Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің айналасына жапсырады. | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||||||
Жетелеуші сұрақтар арқылы мәтіннің мәселесін анықтауға мүмкіндік туғызуға болады. | Өзара бағалау, топтық бағалау кезінде оқушылардың сабақ мақсатына жету деңгейлері туралы ақпарат алуға болады. | Топтық жұмыстар мен рефлексия кезінде өауіпсіздік ережелерінің сақталуына мән беру керек. | |||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?