file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстандағы көрікті жерлер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: 1-сабақ

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баримбекова А.Н., Иманбаева Г.О.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж3.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

ӘТН1. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

 Сабақтың мақсаттары

Ұсынылған тақырыптар бойынша мәліметтерді түсінеді, берілген тапсырмаларды талапқа сай орындайды.

 Бағалау критерийлері

-тыңдалым материалынан деректер жинақтай отырып, кесте толтырады. - cөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. Жұптық жұмыс.

Оқушылар назарына суреттер ұсынылады. Суретке қараңыз, жұбыңызбен болжам жасап көріңіз.

  • Сурет қандай ой салды? Неге?
  • Сабақтың тақырыбына болжам жасап көріңіз.

Сабақ тақырыбы анықталады.

Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбы оқушылардың ойларымен байланыстырылып, оқу мақсаты, күтілетін нәтижемен таныстырылады.

Сыныппен жұмыс.

1.Қазақстанда туризмнің қай түрі жақсы дамыған?

2.Қазақстанның қандай көрікті жерлерінде болдың?

3.Қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсың? Не себептен?

Жеке жұмыс.

«Еліміздің ең көрікті жерлері» бейнежазбасын көріп, кесте толтырыңыз, жер атауларын жазу барысында бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді ескеріңіз.

жер атауы

 

жер көлемі

ерекшелігі

орналасқан жері

Дескриптор:

- жинаған ақпарат бойынша кесте толтырады (орналасқан жерін, жер көлемін анықтайды, кем дегенде 3 ерекшелігін табады);

- жер атауларына байланысты бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Жұппен жұмыс.

Жұптаса отырып, бір-біріңіздің жұмыстарыңызды дескриптор бойынша бағалаңыздар.(комментарий жазуға болады)

2-тапсырма. Берілген мақал–мәтелдерді бүгінгі сабақпен байланыстырып, қорытынды жасаңыз.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Өз елің – алтын бесік.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Туған жер – тұғырың!

https://www.youtube.com/watch?v=1rmw5d2G7c0

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Екі жұлдыз, бір тілек білдіреді.

Үйге тапсырма. «Бір әріптің ізімен» әдісі бойынша Қазақстанның кез келген аймағы туралы білетін ақпаратыңызды бірдей әріптермен басталатын сөздермен құрастырып жазып келіңіздер.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу