Қазақстандағы көрікті жерлер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: 2- сабақ.

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баримбекова А.Н., Иманбаева Г.О.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О7. Әр түрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу

 Сабақтың мақсаттары

Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау.

 Бағалау критерийлері

- түрлі ақпарат көздерінен қажетті мәліметті таба алады;

-авторына сілтеме жасайды.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз.

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. Топтық жұмыс.

Үйге тапсырмасын тексеру.

«Бір әріптің ізімен» әдісі бойынша Қазақстанның кез келген аймағы туралы білетін ақпаратыңызды бірдей әріптермен басталатын сөздермен құрастырып жазып келіңіздер.

Балалар өткен сабақтағы топтарымен орналасады. Топта өзара үй тапсырмасын талқылайды. Ортаға қаламдарын жинайды. «Қалам тастау» әдісімен әр топтан бір баланың жауабы тыңдалады.

Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

Мұғалімнің түсіндірмесі. Сілтеме жасау үлгілерімен таныстырады.

Энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан алынған ақпараттардың авторларына сілтеме жасауды үйрету.

1.Мәтін ішінде автордың аты-жөнін көрсету арқылы.

Мысалы, Асан қайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау!» деген екен.

2.Мәтін ішінде

Асы үстірті 60 шақырымдық жерді алып жатыр (Жетісу фотоальбомы-2009 ж, 100 б.)

3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде

Жетісу фотоальбомы – Алматы, 2009 – 192 б.

Топтық жұмыс. Төрт топқа төрт түрлі ақпарат көздері таратып беріледі (ноутбук, энциклопедия, газет-журнал, дәліздегі кездескен адамдардан мәлімет жинау)

1-топ энциклопедиядан, 2-топ ноутбуктерден, 3-топ балаларға арналған газет-журналдардан және 4-топ айналадағы адамдардан «Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат» тақырыбында ақпаратты тауып, оқиды, жазып алады да, авторына сілтеме жасайды. 4-топ дәліздегі адамдардан сұхбат алу үшін алдымен сұрақтар құрастырып алады. (10 минут)

Жетістік критерийлері:

- түрлі ақпарат көздерінен қажетті мәліметті таба алады;

-авторына сілтеме жасайды.

Ортаға салу. Әр топқа жасаған жұмыстарымен таныстыруға 2 минуттан уақыт беріледі. Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор бойынша бағалап, комментарий айтады.

«Жетісу» фотоальбомы;

«Ана тілі» газеті;

т.б.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Екі жұлдыз, бір тілек білдіреді.

Үйге тапсырма. Қазақстанның көрікті жерлерін кескін картада белгілеп, бояңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу