Қазақстандағы көрікті жерлер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1-бөлім: 5-сабақ Қазақстандағы көрікті жерлер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Баримбекова А.Н., Иманбаева Г.О. | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы көрікті жерлер | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - берілген материалдардан негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді; - жинаған ақпараттары негізінде жинақы мәтін жазады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарыңызды белгілеңіз, соның ішінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерге мысалдар келтіріңіз. Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту. Сыныппен жұмыс. Оқушыларға 1 минут ішінде «саяхат» сөзіне 1 сөйлеммен анықтама беру тапсырылады. Жазып болған соң, жұптасып, ақпарат алмасады. Мұғалім саяхатқа байланысты суреттермен қосымша көмек беруіне де болады. «Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар». | Саяхат тақырыбына қатысты анықтамалықтар мен суреттер. https://www.google.kz/search?q=көрікті+жерлер&espv=2&biw= | |||||||||||
Сабақтың ортасы | Сабақтың тақырыбы оқушылардың ойларымен байланыстырылып, оқу мақсаты, күтілетін нәтижемен таныстырылады. Сыныппен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлінеді, оларға саяхат ережелеріне қатысты шағын мәтіндер таратылады, топта саяхатқа шығу ережелерін талқылап, ортақ пікірге келеді және постерге негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп жазады. Оқушылар топта жұмысты талқылап орындаған соң, толықтырып, ойларын ортаға салады. 1- топ мәтіні І. Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз. 2-топ мәтіні ІІ. Саяхатқа шықпас бұрын: -Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз; -Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз; -Шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз. 3- топ мәтіні ІІІ. Саяхат кезінде -Беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге сүлгі алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. -Дәріханадан бактерияға қарсы сабын я болмаса сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн; 4- топ мәтіні
- берілген материалдардан негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;
- негізгі ойды білдіретін іріктелген сөйлемдерді орынды қолданады; - шағын мәтін немесе сюжетті әңгіме құрылымы сақталған; Жұппен жұмыс. Жұптаса отырып, бір-біріңіздің жұмыстарыңызды дескриптор бойынша бағалаңыздар.(комментарий жазуға болады) | Ақ қағаздар, түрлі түсті қарындаштар. | |||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Көршіңмен сөйлес» әдісі Қандай жаңа мәлімет алдыңыз? Не ұнады? Сабақтың қай жері есіңде қалды? Келесі сабаққа ұсынысың бар ма? Үйге тапсырма. Қазақстандағы саяхат орындары туралы мәлімет жинап келіңіздер. | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды