file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақстандағы көрікті жерлер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: 4-сабақ

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баримбекова А.Н., Иманбаева Г.О.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.4.1-мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

 Сабақтың мақсаттары

Тыңдалым материалының құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар бойынша негізгі ойды анықтау.

 Бағалау критерийлері

- мәтіннің құрылымдық ерекшелігін анықтай алады;

- жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: дала, өзен-көл, қорық, шөл, шалғай, көркем, киелі, пана, т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

– Кешіріңіз, айтасыз ба?

  • Маған көмек көрсете аласыз ба?

Сұраққа жауап беріңізші?

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақстанның көрікті жерлері туралы жаттап келген өлеңдерін сұрау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

ЖЖ.

Жұмбақ шешу:

Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. Тау

Өлшеусіз піштім,

Жіпсіз тіктім. Жер

Зер, зер кілем, зер кілем,

Көтерейін десем зор кілем. Жер

Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. Тау

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты,

Керемет-ау кернеуі –

Тасты кесіп, жарыпты! Өзен

https://www.zharar.com/kz/zhumbak/1387-earth.html© www.ZHARAR.com

Сабақтың ортасы

Топпен жұмыс. Санамақ арқылы оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Роза Әлқожа & Әбдіжаппар Мәліктің орындауындағы «Алатау, Алтай, Атырау» әні тыңдалады.

Тапсырма:

1-топ. Әр топ әннің мазмұны бойынша постер жасап, қорғайды.

2-топ. Әннің негізгі ойын анықтап, дәлелдейді, топтарға 3 жетекші сұрақ қояды.

3-топ. Тыңдалымның құрылымдық ерекшелігін талдап, дәлелдер келтіреді.

4-топ. Әнге коментарий бере отырып мазмұндайды, әннің сабаққа қатынасын анықтап, дәлелдейді.

Бағалау критерийі бойынша топтар өзара бірін-бірі бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=vRezDMVSVHo Ақ қағаздар, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың соңы

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек.

Үйге тапсырма

Отан туралы бес мақал жаттау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу