Қазақстандағы көрікті жерлер. Бурабай. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 2 сабақ
1) Ерте, ерте, ертеде қазіргі Бурабай көлінің жағасын ақбас бура мекендеген деседі. Ойсыл қараның ұрпағы киелі жануар жаугершілік заманда көл маңына тұрақтаған ежелгі қазақ жұртының қорғаушысы һәм хабаршысы болыпты. Қилы кезеңде дұшпанның таянғанын алыстан сезетін ақбас бура буырқанған бақсыдай аузынан ақ көбік шашып, еңіреп-боздап, тау-тасты кезіп, халыққа жаудың жақындағандығы туралы белгі береді екен. Содан елдің етек-жеңін жинаған ерлері бес қаруын қамданып, жауға қарсы аттанса, қариялары мен бала-шағасы осы өңірдің тау-тасына тығылып-паналап, аман қалып отырған.
Ақбас бура бейбіт күнде жайбарақат күйге түсіп, мамыражай жайылып жүре берген. Әккі жаудың айласы таусылған мергендері аңдып жүріп, ақыры, ақбас бураны атып өлтіреді. Қасиетті Ойсыл қара тізерлеп шөккен бойы құлаған жерінде қара тасқа айналып қатып қалған деседі.
2) Бурабай көлі - аңыз бен шындық
Бұл – әлемдегі ең көркем көл. Оны бір ғана рет көрген адам, қайта келіп, айнадай көлдің айдынын, тереңнен тарайтын ғажайып сәулесін, көлдің тыныштығы мен әсемдігін сақтап, таңғажайып қайталанбас пейзаж тудыратын айбынды ормандары мен тауларын көрмесе тұра алмайды.
Жетекші сұрақ: Бурабай көлінің келбетін суреттейтін сөздер қандай?
Болжау сұрағы: Автор әрі қарай қандай ой қозғауы мүмкін?
Ертеде, бұл жерде әлі көл болмаған кезде, жергілікті халықты әділетті әрі мәртебелі хан билеген. Ол өте күшті, мықты әрі сымбатты, ақылды әрі парасатты, аса бай әрі жомарт болған. Оның қарымды әскері, сұлу жұбайы, отар-отар қойлары, мыңдаған табын жылқылары болды, бірақ оның ең асыл байлығы, көзінің қарашығы – жар дегенде жалғыз ұлы еді. Хан ұлын алақанында ұстады, әрдайым қорғаштап, барлық жамандықтардан сақтауға тырысты. Өзі жауынгерлік өнерді: қылышпен шабысу, садақтан оқ атуды, аттың құлағында ойнауды, сонымен қатар, билеушіге қажет барлық даналықты үйретті және бұл мәңгілік жалғасатындай көрінді.
Жетекші сұрақ: Ханды сипайттайтын қандай сөздерді естідіңіздер? Ханның ең асылы кім еді?
Болжау сұрағы: Жоғарыда айтылғандар мәңгілік жалғасады деп ойлайсыз ба?
Күндердің бір күнінде соғыс басталды. Қаһарлы, қатыгез дұшпанның әскері аш төбеттей бейбіт елге шабуыл жасап, орасан қайғы мен қасірет әкелді. Сонда хан өзінің ұлымен бірге әскер жинап, жауға қарсы шықты. Ханның бұл айқаста жеңіске жеткенін көріп, дұшпан әскерінің үрейі қашты, барлық жиған-тергендерін қалдырып, соғыс алаңынан қаша жөнелді. Жаудың көптеген адамдары тұтқынға алынды, солардың ішінде сұлулығын айтып тауыспас ару болды.
Жетекші сұрақ: Қандай оқиға орын алды?
Болжау сұрағы: Ол аурудың тағдыры ары қалай болар екен?
Ол айқас кезінде хан қолынан қаза тапқан жау патшасының қызы еді. Арудың сұлулығы қаншалықты ғажайып болса, оның жүрегін кермеген өшпенділік сезімі соншалықты қорқынышты болды, ал оның ойы мен арманында зұлым кек жоспары өрбіді.
Аруды хан алдына алып келгенде, ол жуас және сыпайы боп көрінді, көзін төмен түсіріп, күлімсіреп, оған ғашық екендігін білдірді. Хан оған ессіз ғашық болды. Махаббат уының күштілігі соншалық – хан бір күннен кейін-ақ, өзі бар ынта-жігерін салып билеп келген халқының дәстүріне қарсы келіп, аруды екінші әйел қылып алуға бел буды. Көп ұзамай, жас кекшіл аруға бұл да аз көрінді. Ханға ұлының қаншалықты қымбат екендігін түсінген ол бозбаланың басын айналдыруды шешті. Сол ғашықтық отына еліккен жігіт сәби күнінен оның бойында парасаттылықты, отанға, туған жерге деген шексіз махаббат пен адалдықты тәрбиелеген әкесі мен анасының берген барлық өсиеттерін ұмытты. Ол тек өзін кернеген махаббат сезімімен әлек болды.
Жетекші сұрақ: Арудың түпкі ойы қандай?
Болжау сұрағы: Ханның келесі әрекеті қандай болады деп ойлайсыз?
Той күні де келді. Белгіленген күн қарсаңында жаршылар жан-жаққа хабар таратты, хан мен оның жас ғашығының тойын тойлауға қалың жұрт жиналды. Кеудесін қуаныш сезімі кернеген, әдемі киенген хан, жас бүркіт сынды тұғырға көтеріліп, қалыңдығын күтумен болды – бірақ ол келмеді.
Жетекші сұрақ: Ханның кеудесін неге қуаныш сезімі кернеп тұр?
Болжау сұрағы: Оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?
Біраз уақыт өткен соң, ол сабырсыздана бастады, жан-жағына қарайлап, тұғырдың үстінде тұрған патша қашып бара жатқан жастарды: өзінің ұлы мен ғашығын байқады. Қуып жетіп, ашу үстінде ол садағынан екі оқ атып, жастарды жаралады.
Жетекші сұрақ: Хан қандай әрекетке барды?
Болжау сұрағы: Екі жас тірі қалар ма екен?
Хан оларға жақындап келгенде, ғашықтар әлі тірі болатын. Олар қол ұстасып жатты. Өздері ажал аузында жатса да, мәңгілік махаббатта біріккен жастардың көздері енді олар әрдайым бірге болатындықтан, оларды енді ешкім де ештеңе де айыра алмайтындықтан, қуаныш нұрын шашып тұрғандай көрінді. Жас арудың көзінен үзілген бір тамшы жас мөлдір таза көлге айналды. Ащы шындықты – өзін-өзі алдағандығын, екі жастың өмірін қыршыннан қиған баукеспеге айналғандығын түсінген хан құбылмалы тасқа айналды, содан бері сол тас өзіңдегі ақиқатты іздеудің символы болып қалды. Онымен қайта қауышқан сайын айнадай көл әрбір адамға махаббат өшпенділіктен күштірек екендігін еске салады. Аңыз бойынша, сол көлге бір рет түскен адам әлемнің ұлы кереметі – Махаббаттың құпиясы мен тереңдігіне бойлайды.
Жетекші сұрақ: Тас пен көл неден пайда болды?
Мәтіннің негізгі ойы қандай?
Болжау сұрағы: Осы оқиғаның болғаны рас па екен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?