Қазақстандағы көрікті жерлер. (Көлсай, Хан Тәңірі, Бұқтырма). Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 4 сабақ


1-топқа: Көлсай

Бұл көздің жауын алған жауһар дүние - Көлсай теңіз деңгейінен 1800-3500 метр биіктікте орналасқан. Көлсайдың тамаша өңірі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай. Тіпті ғажайып мекенде сирек әрі жоғалып бара жатқан табиғат дүниесі мен жануарлар ұшырасып жатады. Ұлттық парк аумағында 40 түрлі жабайы жеміс-жидектің жеуге жарамдысы өседі. Олар: шетен, барбарис, таңқурай, қой қарақат, ит мұрын, шырғанақ, қой бүлдірген, рауғаш, жабайы пияз, сарымсақ, тағы басқалар. Мұнда емдік қасиеті бар жұпаргүл, уқорғасын, томар дәрі, қондық шавель, қалақай, мың тамыр, пижма, кипрей, жалбыз, өгей шөп, қылқан жапырақ өседі. Ақ жаңбырлардан кейін көркін, бар тұлғасын аша жайнап тұратын өсімдік әлемінің дені емдік қасиетке толы. Жаңбырдан кейінгі жұпар шашқан түрлі иісіне не жетсін, шіркін?!

Көлсай өңірінде 226-ға тарта жан-жануарлар кездеседі. Жалпы алғанда, Қазақстандағы жануарлардың 21 пайызын дәл осы өңір құрайды. Аталған жан-жануарлардың ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің 6 түрі, құстардың 13 түрі бар. ҚР Қызыл кітабына енген жануарлар түрлерінің 17 пайызы осында.

Қанат БІРЖАНСАЛ

2-топқа: Хан тәңірі шыңы

Айналасындағы өзгелерден әлдеқайда биік тұрған пирамида тәріздес бұл шың - Тәңір тауында. Оңтүстік-шығыс жағында Чапаев шыңы, шығысында Саладин шыңы тұр.

Шың бойымен батысқа,  одан кейін Сарыжаз жотасындағы Семенов шыңына апаратын солтүстік-батыс бағытпен Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара өтеді.  Таудың Қазақстанға тиесілі солтүстік беткейлері Солтүстік Иныльчек мұздығының циркіне кіреді. Оңтүстік беткейлері Оңтүстік Иныльчек пен Семенов мұздығына, шығыс беткейлері Разорванный мұздығына (Оңтүстік Иныльчек мұздығының циркі) қарайды.

1857 жылы П.П. Семенов–Тянь-Шанский Тянь-Шань биік таулы тобын зерттей келе былай деп жазды: «Біз күндізгі сағат бірлер шамасында таулы өткел үстіне жеткенімізде көз шағылысардай күтпеген көрініске тап болдық. Біздің тура оңтүстігімізден өз басым бұрын-соңды көрмеген ең үлкен жотаны көрдім. Жотада төбесін қар басқан оқшау алыптар жатыр. Соның ішінде пирамида тәрізді үшкіл ақ басты шың басқалардан екі есе биік көрінді…». Бұл – аңызға айналған Хан Тәңірі шыңы болатын.

Хан Тәңірі деген ұғымның мағынасы «Рухтар әміршісі, құдайлар патшасы, аспан әміршісі» деген мағынаны білдіреді.». Хан-Тәңірінің қырғызша атауы Кан-Тоо, яғни «Қанды тау». Ымырт түсе қан-қызыл күн сәулесіне шомылатын осынау заңғар да маңғаз шың еріксіз назар аудартады.

3-топқа: Бұқтырма

Шығыс Қазақстан облысы аумағымен ағып өтетін өзен, Ертістің оңтүстік саласы. Бұл өзенде су қоймасы орналасқан, ол әлемдегі жасанды су қоймаларының ішіндегі ең ірілерінің бірі. Бұқтырма су қоймасы Ертіс өзенімен жүретін кемелерге ыңғайлы жол салады, сонымен қатар балық шаруашылын кең дамытқан. Екі бөліктен тұрады: Ертіс өзенінің бойы мен Зайсан көлі.

Бұқтырма су қоймасының жағасында Өскемен қаласынан 101 шақырымда Оңтүстік Алтай бауырында Жаңа Бұқтырма кенті орналасқан. Ол Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданына кіреді.

Бұқтырманың оңтүстік және солтүстік жағалаулары туристердің сүйікті орны, сондықтан демалыс аймағы болып табылады. Сол жағалауы енжар туризмге арналса, оң жағалауы белсенді демалыс үшін өте ыңғайлы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу