Қазақстандағы көрікті жерлер. (Шымбұлақ, Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 1-бөлім: (№1) Қазақстандағы көрікті жерлер | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К. | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстандағы көрікті жерлер (Шымбұлақ, Астанадағы Бәйтерек пен ЭКСПО көрмесі) | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.3.1. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Жаяу туризм, көрсеткішке жетті, мамандырылған көрме, аптап ыстыққа төзімді т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Сандарға назар аударатын болсам, ... деп сандар сөйлейді, ... мәліметінше т.б. | ||||||||||||
Құндылықтар | Отансүйгіштік; Ынтымақтастық; Ашықтық. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Статистика | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Көлсай, Хан Тәңірі, Бұқтырма, Астана. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 минут | Қазақстанда демалатын орындар жайлы бейнебаян көрсетіледі. Бүгінгі сабақта Қазақстанда қандай көрікті жерлер бар? Оларда қалай демалуға болады? Демалушылардың санын білетін боламыз.
Мына суреттер арқылы нені білуге болады? Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері айтылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. | https://getvideo.org/#youtube/qGBpavh2kUo | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут 5 минут | 1-тапсырма: «Дерек жинау» (Сыныптың қабарғаларында бөлікке бөлінген мәтіндерді тұтас мәтін ретінде жинауы тиіс. Бір топ үш түрлі мәтінді жинайды. Содан кейін оқушылар топ ішінде жұпқа бөлінеді) 1-мәтін «Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайы мен «Медеу» мұз айдынына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде Универсиада ойындарына дайындық барысын талқылау бойынша өткен жиын барысында «Chimbulak Development» ЖШС бас директоры Ержан Еркінбаев хабарлады. «Медеу» мұз айдынына биылғы қысқы мусымда күні бүгінге дейін 260 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылғы бүкіл маусымдағы көрсеткіштен 60 мың адамға артық. Ал Шымбұлақта сырғанаушылар саны 20 пайызға өсті. Осы маусым басталғалы, күні бүгінге дейін Шымбұлаққа 90 мың сырғанаушы мен 90 мың демалушылар келді. Сондай-ақ, өз автокөлігімен келетіндер де бар», - деді Е. Еркінбаев. Сонымен қатар, Шымбұлаққа өткен жылғы маусымдағы күндердің бірінде бір күнде - 7 мың адам келіпті. Ал биылғы маусымда рекордтық күндердің бірінде - 10 мыңнан астам адам келген. Өткен жылы Медеуге бір күнде 7 мың адам келсе, биылғы рекорд - 13 мыңға жуық адам. «Бұл сандарға қарап, қала тұрғындары арасында табиғат аясында белсенді демалу мәдениеті өте танымал бола бастағанын көруге болады. Адамдар тек сырғанау үшін емес, жәй серуендеу және таза ауамен тыныстау үшін де келеді. Бұл тұрғыда трекингтің (жаяу туризм) әлеуеті жоғары. 2-мәтін Елорда символы «Бәйтерек» монументіне келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Күрделі жөндеуден кейін келбетін өзгерткен нысанды бүгінге дейін 263500 адам тамашалады. Шамамен 90 миллионға жуық табыс түскен. ЭКСПО көрмесі кезінде «Бәйтеректің» түбі кезектен арылмады. «Бір күнде 3000-ға жуық адам кірді. Қауіпсіздік шараларына мән бердік. Арнаулы терминалдар орнатып, кассаның жұмысын жеңілдеттік. Арнайы мамандандырылған күзет қызметі мен полиция өкілдері күні бойы кезекшілік жасады. Таңғы 09.00-ден түнгі 11.00-ге дейін адам қарасы үзілмеді. Келушілердің қатарында шетелдік қонақтар, туристер және әр өңірлерден келген мектеп оқушылары болды. Ал көп балалы отбасының, балалар үйінің шәкірттері тегін тамашалады. «Бәйтерек» монументіне келгендер алаң шетінде құрылған сахнада аймақтардан келген өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Қазіргі уақытта ЭКСПО көрмесі аяқталып, жаңа оқу жылы басталған соң келушілер қатары саябырсыды. Халықаралық шара кезінде қонақтарды жылы қарсы алып, шығарып салған қызметкерлерге алғысым шексіз» дейді «Астана-Бәйтерек» ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев. Оның айтуынша, көрме кезінде «Бәйтерек» монументінің 150 мыңыншы қонағы Ресейдің Түмен облысынан келген сәулетші Елена Михайловаға ескерткіш сыйлық табыс етілген. Италиялық технологиямен әзірленген шыны витраждар қақаған аяз бен аптап ыстыққа төзімді. Билет бағасына келсек, үлкендерге – 700, балаларға – 300 теңге. Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ 3-мәтін «ЭКСПО-ның аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 9 қыркүйекте ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 100 514 адам келді. Салыстырып қарар болсақ, Көрменің алғашқы күндері орта есеппен күніне 22 840 келуші тіркелген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Осылайша, 10 маусымнан 9 қыркүйекке дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 3 860 000 адам келген. Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің жабылу салтанаты өтеді. Бұл күні көрме павильондары түнгі сағат 3:00-ге дейін ашық болады. Бір ғана өзгешелік, ресми тұлғалардың келуіне байланысты көрме аймағы 19.00-ден 22.00-ге дейін жабық болады. Ал 22.00-де оңтүстік пен батыс жақтағы кіреберістер қайта ашылады. Амфитеатрдағы концерттік бағдарлама 18:00-20:00 және 21:00-23:10 аралығында ұйымдастырылады. Ал көрме жанындағы кассалар 08:30-18:30 және 22:00-00:30 аралығында істейді. Мерекелік отшашу сағат 21.15-те болады. 2-тапсырма: «Графиктік мәтін құру» (Әр топтағы жұптар үш мәтіннің біреуін таңдап, А3 парағына диаграмма, кесте, сызба түрінде ұсынуы тиіс. Мұғалім әр жұптың жұмыс істеуін бақылап жүреді) Әр топтағы жұптар өздерінің жасаған жазба жұмыстарын қорғайды. Кері байланыс оқушылар тарапынан «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы беріледі | https://egemen.kz/ | |||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: | ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?