Қазақстандағы көрікті жерлер. (Түркістан, Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Ақсай сынтастары, Баянауыл ұлттық паркі). Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№2)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

(Түркістан, Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Ақсай сынтастары, Баянауыл ұлттық паркі)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.3.1. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну

 Сабақтың мақсаттары

Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру

 Бағалау критерийлері

  • Деректер жинайды;
  • Ұсынылған мәтінді түсінеді;
  • Графиктік мәтін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Күні де, күлі де, жусаны жұпар, тұйық көл т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мен білетін мәліметтер, мен үшін бұрын таныс емес мәліметтер т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік; Ынтымақтастық; Ашықтық.

Пәнаралық байланыс

География, әдебиет

Осыған дейін меңгерілген білім

Көлсай, Хан Тәңірі, Бұқтырма, Астана.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

Туған жердің ауасы да шипа,

Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердің тасы да таныс.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі.

Туған жердің жуcаны жұпар.

Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық.

Аталған мақалдардың мағынасын ашу, сабаққа қатысы анықталады. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері таныстырылады.

https://www.zharar.com/kz/makal/781-tugan.html© www.ZHARAR.com

Сабақтың ортасы

3 минут

15 минут

2 минут

10 минут

2 минут

1) Түркістан - Қазақстанның ең көне қалаларының бірі.

2) Шарын шатқалы - Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі.

3) Балқаш көлі Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл.

4) Ақсай сынтастары - қола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы.

5) Баянауыл ұлттық паркі - Қазақстан аумағында ерекше қорғауға алынған жерлердің бірі.

Оқушылар таңдаған сурет пен мәліметтің басталуын алып шығады да, бес топқа бөлінеді.

1-тапсырма: «Дерек жинау»

(Әр топ ноутбук немесе басқа да құрылғылардан осы тақырыпқа қатысты мәліметті іздейді. Жинаған мәліметпен бөліседі. Сөз көлемі 250-300-ден аспауы керек)

Басқа топ оқушыларына кесте беріледі, олар мәтінді тыңдау барысында кестені толытырып отыруы тиіс

Мәтін

Мен білетін мәлімет

Маған бұрын таныс емес мәлімет

Әр топқа мұғалімнің кері байланысы беріледі.

2-тапсырма: «Графиктік мәтін» жазу

(Толтырылған кесте негізінде оқушылар топта бірлесе отырып, А3 парағына диаграмма, кесте, сызба мәтінін жазып шығуы тиіс. Тақырыпты таңдау – оқушылардың еркінде. Оқушылар өз жұмыстарын орындарында қалдырып, басқа топтың жұмысымен танысуға кетеді, топта қалған оқушы өз графиктік мәтінімен басқа топ мүшелерін таныстырады).

Орындалған тапсырмаға мұғалімнің кері байланысы беріледі

http://24.kz/kz/picture-story/item/124984-25-zdik-toptamasy

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Сөйлемді аяқта:

Мен бүгін...., себебі.....

Маған ....., себебі.....

Мен келешекте...., себебі....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу