Қазақстандағы көрікті жерлер. (Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер). Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ
1- мәтін:
Берел ескерткішін ең алғаш болып 1865 жылы Вильгельм Радлов зерттеп, осы аумақтағы ең алып нысан «Үлкен Берел қорымын» ашқан.
Одан кейінгі кезекте есімі Берел ескерткіштерімен қатар аталатын зерттеуші Зейнолла Самашев. Ол алғаш қазба жұмыстарын 1998 жылы қорғанның «патшалық оба» кезеңін зерттеу барысында алтынмен апталған 13 тұлпар мен сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапты.
Берел қорымынан 66 тал маралдың мүйізінен жасалған жылқы мен оның әшекейлері табылған. Маралдың мүйізінен жасалған ат әбзелдерінің ішіндегі ең негізгі бейне – грифон.
2008 жылы 4 шілдеде «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ашылды. Ал, 2016 жылы Берел қорымына арнайы іссарапмен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов №2 қорымның үстіне саяхаттап келушілер бірегей археологиялық құндылықтарды жақыннан көру үшін шыны саркофаг салу туралы ұсыныс айтқан болатын.
Есте сақтаңыз!
Саркофаг (гр. sarkophagus, дәлме-дәл — тән жегіш, алғашқы мағынасында — әк тасының бір түрінің аты) — ағаштан, тастан, мрамордан жасалып, әсем жазбалармен көркемделетін, ашық аспан астына, не арнайы құрылыс ішіне қойылатын табыт.
Грифон - (Gryphon) - бүркіт басы мен арыстанның денесі бар ғажайып құстар.
2- мәтін:
Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалар X-XI ғасырда орнатылған дейді.
Халық аңызы оларда Қозы Көрпеш, Баян сұлу және олардың апалары Айтаңсық пен Айғыздың суреттері бейнеленген дегенді айтады. Алайда, қазірде ол тастар жоғалған. Қозы Көрпеш пен Баян сұлу аңызының ел аузында бірнеше нұсқасы жүр. Соның бірі әйгілі аңызды былайша өрбітеді: Кішкентайынан бірге өсіп, дос болған Сарыбай мен Қарабай әлі дүниеге келмеген балаларын атастырып қояды. Ұлы дүниеге келмей жатып Сарыбай аңшылықта қайтыс болады. Атастырылған Қозы мен Баян ер жете бір-біріне ғашық болады. Бірақ Қарабай сөзінде тұрмай, қызын бір кездері малын жұттан сақтап қалған палуан Қодарға беруді жөн көреді. Сөйтіп Қодар екі ғашықтың ортасына түседі. Екеуара шайқаста бірінші болып Қозының басы кетеді. Сүйіктісінен айрылған Баян кек алуды ұйымдастырады. Ол Қодарды алдап, егер ол құдық қазып берсе, оған тұрмысқа шығамын дейді. Қодар Баянның шашынан ұстап алып, құдықты терең етіп қаза бастайды. Құдық тереңдей бергенде, Баян шашын кесіп жіберіп, Қодарды құдыққа батырып, өлтіреді. Ал өзі өз-өзін қылыштап, бақилыққа аттанады.
Қозы Көрпеш жігіт пен сұлу Баянның бейнесі қазақ халқымен он бес ғасыр бойы ажырамай келеді. Олардың биік сезімі әлі күнге дейін бөлінбей, адамзаттың мәңгі жырлар тақырыбы махаббаттың символына айналды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?