Қазақстандағы көрікті жерлер. (Сумен емдейтін жерлер, Бурабай). Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ


1-тапсырма:

Берілген мәтінді оқып шығып, абзацтарға бөліңіздер, себебін түсіндіріңіздер

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастайды. Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түрксіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия-ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

2-тапсырма:

Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемдерді белгілеңіз

Тұжырымдар

дұрыс

бұрыс

1

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

2

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар - табиғаты ғажап әдемі жерлер аз.

3

Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

4

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге: Түрксіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады.

5

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді -география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды.

6

Қазір Республикамызда 120дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар.

3-тапсырма: Топпен жұмыс

Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетіңіздер.

Бурабай - жер шоктығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болғаң. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте.

 Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас - Бурабай өңіріне ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай көлі – геграфиялық атау болса, мұндағы сауқтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекенің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырмдай қашықтықта, Бурабай көлінің жағасында Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарих-мәдени орындар бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу