Саяхат және демалыс. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Сабақ жоспары
САБАҚ: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Саяхат және демалыс | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көбісі: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады Оқушылардың кейбірі : мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырады | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология:саяхат, демалыс, көрікті жерлер,тамаша, тарихи орындар, денсаулық, т.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту
Оқушылар суреттер арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің суреттері бойынша түсінген ақпараттарымен таныстырады. Оқылым алды тапсырмасы
| |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Оқылым тапсырмасы Ж Әр топқа саяхат және демалыс тақырыбында жеке оқылым тапсырмалары беріледі. Топтағы оқушылар жеке-жеке оқылым мәтінімен танысады. Топта «Шеңбер» әдісі арқылы мәтін мазмұнын шеңбер бойымен бір-бірен түсіндіреді. Мғалім топтағы оқушыларды сыртынан бақылап тұрады( қай оқушы мазмұнын дұрыс айтып жатқанын не қате айтып жатқанын бақылайды) және бағалайды. Мәтінді қалауынша қысқартып беруге болады. 1-топ мәтіні Саяхаттудың ерекшелікттері Туризм біздің елімізде қазіргі кезде өте қарқынмен дамып келеді. Ғалымдардың айтуынша туризмге деген қызығушылық бұдан әрі дами береді. Көпшілік адамдар үшін туризм туған өлкені және шөт мемлекеттерді тану құрамы ғана емес, сонымен бірге ол дене шынықтыру мәдениетінің негізгі, құраушы бөлімі болып табылады. Қазақстан туризмнің дамуына, өркендеуіне үлкен үлес қосатын мемлекет. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның жер бедері, климаты, географиялық белдеудің көптүрлілігі көз тартады. Осының барлығы туристерге демалыс түрлерін (теңізге шомылу, шаңғымен сырғанау, тауға жорықтар) таңдауына мүмкіндік береді. Қазақстан территориясында көптеген ежелгі мәдени ескерткіштер, архитектуралық және тарихи ескерткіштер, қазіргі салынған Медеу мұз айдыны, Екібастұз энергетикалық кешені, Айша-бибі мавзолейі бар. Адам қолынан туындаған осы ғажайып туындылар біздің мемлекетке келушілерді өзінің қайталанбастығымен таң қалдырады. Біз үшін, Қазақстан халықтары үшін ең бастысы - Отанды танып білу, оның тарихымен таныс болу, оның әсемдігін құдіретін, байлығын танып білу. Туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсияларсыз еліміздің ұлылығы мен әсемдігін көріп білу, түсіну мүмкін емес. Туризм - демалыс күндері және мереке күндері өтілетін белсенді және танымдық демалыстың біріне жатады. Әрқайсымыздың бос уақытымыз - қоғамның игілігі болып табылады. Оны өзің үшін және қоғам үшін ұқыпты пайдалану керек. Автомобильдің гуілі, магнитофон, гитараның шуылы адамның көңіл күйіне зиян әсер етеді. Австриялық оқымыстылардың айтуынша, шуылдар адам өмірін 8-12 жылға қысқартады екен. Осы шуылдардан құтылу үшін барлық кезде уақыт жете бермейді. Әлеуметтанушылардың мәліметі бойынша ұйқыға, тамақ ішуге жұмсалғаннан басқа жылына 300 сағат бос уақытымыз бар екен. Ал біз 1 жылда 58 сағатты ғана табиғатты тамашалауға жұмсаймыз. Оп бір күнге шаққанда 4-ақ минутты құрайды екен. Дәрігерлер туризммен айналысатын адамдардың 1,5 есе аз ауыратынын мақұлдап отыр. Қозғалыс кез-келген дәрі-дәрмектің әсерін алмастыра алады, ал барлық дәрі-дәрмек қозғалыстың орнын басуға дәрменсіз. Демалыс еңбек тәрізді белсөнді болуы керек. Ал қазіргі туризм осыған сәйкес келеді. Туризмнің өзі - қозғалыс. Ол барлық адам орындай алатын жүктеме береді. Әр адам өзіне қаншалықты жүктеме қажет екенін өзі мөлшерлеу керек немесе дәрігердің көмегімен анықтау керек. Туризмнің бұдан басқа танымдық қызметі бар. Туризм адамның ішкі жан дүниесін байытады, мінез-құлқын тәрбиелеуге әсерін тигізеді.Туризм - адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаның өркендеуіне, мәдениет пен өнердің дамуына жол береді. Қазіргі кездегі туризм түрлерін толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын өң маңызды белгілерді атап өтуге болады, яғни туризмнің ұлттық мәнділіг, қанғаттандырылуы туристік саяхатқа пайдаланатын негізгі қозғалыс құралдары; сяхаттың ұзақтығы, топ құрамы; ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының негізгі принциптері және т.б. 2-топ мәтіні Демалыс және саяхат Демалыс күндері қалада отыра бергеннен, кейде табиғат аясына шығып тұрған жөн. Ал табиғат пен қызықты жерлер жағынан шымкенттіктердің жолы болыпты. Сондықтан, БІЗ демалыс күндері обасымызбен және достарымызбен шығуға болатын орындардың шағын тізімін құрастырдық. Тізім бойынша әрі саяхаттап, әрі демалып қайттық. Алған әсеріміз мол болды. Біркөлік шатқалы екі аңғардан тұрады – «сулы» және «құрғақ». «Сулы» аңғарда Біркөлік өзені ағады және дәл осы жер демалушылар арасында өте танымал. Аңғарда жарға өрмелеу жарыстары өткізілетін «Айлы алаң» бар . Сонымен қоса, аңғардан құздарына ұя салған құстарды, жылғалар мен бес метрлік сарқырамасы бар шатқалдарды да көре аласыз. «Құрғақ» аңғарда су жоқ, сондықтан оны көп адам біле бермейді. Онда жартастар және кеуіп кеткен жылғалардың тастары көп болғандықтан, жүруге қолайсыз, әсіресе, ыстық күндерде, күн қақ төбеден түсіп тұрғанда қиындықтар тудырады. Сондықтан, бұл жерге келгенде өзіңмен бірге суды көп мөлшерде әкелген жөн. Ортағасырлық Сауран қаласының орны – Қазақстан мәдениетінің аса маңызды ескерткіштерінің бірі. Кәріздер – Сауран қаласының орнындағы қызықты нысан болып саналатын егістікті суаруға арналған жерасты құдықтар жүйесі. Оның ұзындығы 110 километрден асады. Көптен бері Сауран қаласының орны ескілікті жаны сүйетіндер мен қызық оқиғаларды іздеушілер көптен бері келетін тұрақты орынға айналған. Кез-келген адам демалып, жыл бойы балық аулауға болатын орын. Ал балықтар уылдырық шашатын кезде тек қармақпен адам басына бес килограмға дейін балық аулауға рұқсат етіледі. Балықшы ауылдың аумағында моторлы қайық пен квадроциклге мінуге болады. Сәкіде, вагон және шатырда орналасып, демалғыңыз келсе, осы ауылға барыңыз. Домалақ Ана кесенесі – Балабөген өзені алқабында орналасқан ХІ ғасырдың архитектуралық ескерткіші. Қазақтар үшін Домалақ Ана – ана мен мейірімнің символы, ол халық арасында парасаттылығымен, даналығымен, сонымен қатар жан тазалығымен және қасиеттілігімен танымал. Күмбезді кесенеде арасынан тек адал, таза адамдар өте алатын екі қасиетті тас бар. Ақ мешіт үңгірі тереңдігі 254 метрді құрайтын үлкен зал сияқты. Үңгірдің керемттілігі – ішінде 40 шақты ағаштан тұратын кішкене тоғайы бар. Аңыз бойынша бұл үңгір «Айдаһар үңгірі» деп аталған. Мұнда барлық жыл мезгілінде ауа температурасы бірқалыпты. Сайрам-Ұғам паркі – Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты көрікті жерлерінің бірі. Сайрам-Ұғам паркі Батыс Тянь-Шаннің солтүстік бөлігінде орналасқан. Парк аумағы тау етегіндегі таулы-далалы зонадан биік таулы зонаға дейін жеті табиғи зонаға бөлінген. Бұл жерде 1600-ден астам өсімдік түрі өседі, оның 250-і Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген. Сондай-ақ, мұнда сүтқоректілердің 59, құстардың 300 түрі мекендейді. Паркке келушілерге арнайы әзірленген жеті туристік бағыт ұсынылады. 3- топ мәтіні Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады. Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар,азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі.Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс.Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы айтарлықтай қашықтықтарды жүріп өтетін турист ағзасының дұрыс қызметі үшін демалумен ауысып келіп отыратын бірқалыпты жұмыс қажет.Ағза жұмысының белгілі бір реттілігін құрып отыратын демалыс пен күш жұмсаудың дұрыс ауысып отыруы бүкіл жорық бойы және тіпті қозғалыс процесінің өзінде де болуы тиіс.Тек осылай болған жағдайда ғана жаяу туризмі маңызды сауықтыру құралына айналады[ 4- мәтін Мәдени саяхат Мәдени туризм ең әйгілі және бұқаралы туризм түрі болып келеді. Әлемде мәдени туризм бөлек бағытпен ерекшеленген және Қазақстанда жыл сайын үлкен даму қарқынын алуда. Қазақстан – тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Еуразияның орталығында орналасқан, Қазақстан әлемнің көне өркениеті торабында Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті әлеуметтік және экономикалық, мәдени және идеологиялық тұрғыда байланыстырған. Ежелгі қазақ даласында Ұлы Жібек жолы өтетін. Әр түрлі тарихи кезеңдерде қазіргі Қазақстан территориясында өзіндік мәдениетті мемлекеттер пайда болып дамыған. Сол дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер болуда. Ескерткіштердің саны және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай, Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық аспандағы мұражай болып келеді. Көптеген ескерткіштерді бүкіл әлемдік маңызы бар деп ЮНЕСКО мойындаған. Қазақстанның мәдени құндылықтарының әр алуандығы – 25 мыңнан аса қозғалмайтын тарихи, археологиялық, сәулетті және монументальді ескерткіштер, экспозицияларда және 89 мемлекеттік мұражай қорларында 2 млн. 56 мыңға жуық мәдени құндылықтар, 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек қолжазбалар мен басылымдар 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталуда. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрастырылған және іске асырылушы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туристік кластерді (қажылық туризм, тарихи-археологиялық туризм) дамытуға үлкен ықпалын тигізді. Бағдарламаның іске асырылуы 2004 жылы басталған, кейін тағы бағдарламаның екі кезеңі құрастырылды: 2007 мен 2009 жж. және 2009 бен 2011 жылдар аралығында. Туристік бағыттарды құру және өңдеу барысында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеумен және жаңғыртумен айналысатын ғылыми ашылулар мен археологтар кепілдемелері қолданылды. «Мәдени туризм» бөлімінде қолайлы үлгіде Қазақстанның қонақжайлылығы туралы толық мәлімет ала аласыз – туристік бағыттар георграфиялық орналасу бойынша 16 облысқа байланысты құрастырылған. Бағалау критерийі:
ЖЖ/ҚБ Оқушылар жұпта мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақ деңгейлік сұрақтар, сондықтан мұғалім топтағы оқушы деңгейіне қарай жұптастырып, сұрақты оқушы деңгейіне қарай беру керек. Қалыптастырушы бағалау болғандықтан, жұмысты мұғалім бағалайды. Тапсырма 1-жұп.
2-жұп
3-жұп
Бағалау критерийі:
| |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс: Маған ... қиын болды Мен... түсінбедім Маған... көмек керек Маған... оңай болды | Ауызша кері байланыс | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? | ||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?