Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ : | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: Кунева Қ.Е. | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Тараудың тақырыбы: Сабақ тақырыбы: | Аспан әлемінің құпиялары | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 5Т/А1. Болжау: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Барлық оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпқа болжам жасайды, тыңдалым бойынша негізгі ақпараттарды анықтайды. Көптеген оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпқа болжам жасайды, тыңдалым бойынша негізгі ақпараттарды анықтап, айтылымда қолданады. Кейбір оқушылар: Суреттер мен тірек сөздерді қолданып тақырыпты болжайды, тыңдалым бойынша анықтаған негізгі ақпараттарын тақырыпты дамыту үшін тиімді қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты игертуге арналған сабақ | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту: | Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың астрономияға қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады. | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Жаратылыстану, география, математика | ||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. Аспан денелері тақырыбына қатысты термин сөздер мен мәліметтерді меңгеру. Тәжірибеде меңгерген термин сөздерді сөздерді қолдану. | ||||||||||||||||||||||||
Дескрипторлар: | Суреттердің көмегімен тірек сөздерді анықтайды. Тірек сөздер мен суреттер мазмұны бойынша тақырыпқа болдам жасайды. Тақырып бойынша ойларын ортаға салады. Тыңдалымдағы тірек сөздер мен маңызды бір ақпаратты анықтайды. Ақпараттарын айтылымда қолданып, тақырыпқа талқылау жүргізеді. Термин сөздерді айтылымда орынды қолданады. | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: Пән лексикасы және терминология: Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ . Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын. Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады. | ||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Лексикалық тараудың алғашқы сабағы | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақ басы 5 минут | Қызығушылықты ояту «Галереяда ой шарлау» Оқушылар сынып қабырғаларына, тақтаға ілінген суреттер арқылы тарауға, бүгінгі тақырыпқа болжам, «Аспан әлемі» тіркесіне ассоциация жасайды. (Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушылар атаған тірек сөздер негізінде кластерді толтырып жазып тұрады.) Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжам жасайды. Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады. Бағалау критерийімен таныстырады. | Слайд, суреттер | |||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 32 минут | Мағынаны тану кезеңі Тыңдалым/ айтылымалды кезең «Карусель». Жұптағы әңгіме Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
Тыңдалым тапсырмасы: Оқушылар аудиомәтін тыңдайды.Тыңдау барысында қажетті ақпараттарды «сөз бұлтына» жазып отыраады. Тапсырма: тыңдалым мәтінін мұқият тыңдаңыз, мәтін мазмұны бойынша маңызды тірек сөздерді және маңызды бір ақпаратты берілген сызбаға жазып отырыңыз.
Тыңдалым мәтіні Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді. Шынында да, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері, планеталар, айналып жүреді. Грекше «планета» – адасушы жұлдыз деген сөз. Ғаламшарлар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Ғаламшарлардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады. Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден-ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю. А. Гагарин.
Айтылым тапсырмасы 1-тапсырма: ЖЖ Тыңдалым барысында «Сөз бұлттарына» жазып алған ақпараттарды қолданып, мәтіннің тақырыбы, идеясы, мазмұнына толық талдау жасап, жұбыңызбен сұхбаттасыңыз. Үлгі сұрақтар: Жұлдыз деген не? Ғаламшардың жұлдыздан қандай айырмашылығы бар? Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді? Ғарыштан алынған ақпараттардың адамдар үшін / шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
2-тапсырма: С Тыңдалым мазмұнындағы мәліметтер мен өз біліміңізді қоса отырып, берілген тірек сөздерді сөйлетіңіз. Кесте
Бағалау Әр оқушы өз жұбының сабақ бойындағы айтылымын бағалап, «бір жұлдыз, бір тілек айтады». | Сурет қималары https://www.youtube.com/watch?v=DJiK8ScXE-g https://www.google.kz/search?q | |||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 минут | Рефлексия «INSERT» әдісі Мен үшін жаңалық..... Мен үшін тосын жай ..... Мен үйрендім ....... | Таратпа парақшала | |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация үш түрде іске асады: 1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі. 2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған. | Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. | Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады. | |||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды