file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақ : № 2

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Кунева Қ.Е.

Сынып: 5Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Аспан әлемінің құпиялары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5О2. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану: лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Түрлі стильдегі мәтіндерді оқи отырып, мәтіндегі тілдік қолданыстарға талдау жасайды.

Көптеген оқушылар: Түрлі стильдегі мәтіндерді оқып, мәтіндегі тілдік қолданыстарға талдайды, сол талдау негізінде жазба және ауызекі стильге тән белгілерді, ерекшеліктерді жинақтайды.

Кейбір оқушылар: Түрлі стильдегі мәтіндердегі тілдік қолданыстарға талдау жасайды,талдау негізінде жазба және ауызекі стильдің айырмашылықтарын анықтайды.

 

Сабақтың түрі:

Өткен материалды бекіту сабағы

Құндылықтарды игерту:

 Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, жұпта, топта бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, география, математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Бағалау критерийлері:

Мәтіндердің стиліндегі айырмашылықтарды анықтайды.

Ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарды. мәтіндердегі тілдік қолданыстарды талдау арқылы табады.

Дескрипторлар:

Мәтін мазмұнын түсініп оқиды.

Мәтінде қамтылған ақпаратты анықтайды.

Мәтіндердегі ерекше қолданыстарды, сөз тіркестерін (термин сөз, көркемдегіщ құралдар т.б.)анықтайды және олардың мағынасын түсіндіреді.

Мәтіндердің стилін ажыратады.

Мәтіннің стиліне тән белгіге сәйкес 3 дәлел келтіреді.

Өз ойларын сенімді жеткізеді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар, шынайы аспан көріністері, поэзиялық бейнелеу, қарақшылар, сұлу бикештер, сәйгүлік аттар, қиял, Шолпан жұлдызы т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдана алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Көңілді доп»

  • Аспан әлемі туралы мен не білемін?
  • Өзге ғаламшарлар, жұлдыздар туралы қандай қызықты ақпараттар айта аламыз?

Оқушылар бір-біріне доп лақтыру арқылы алдынғы сабақта алған және бұрыннан бар білімдерімен бөліседі.

Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады.

Слайд, доп

Сабақ ортасы

32 минут

 Мағынаны тану кезеңі

 Оқылымалды тапсырма:

 «Жұптағы әңгіме» ЖЖ

 Оқушылар жұпта берілген екі тапсырманың бірін таңдап орындайды.

  • «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбында берілген тірек сөздерді қатыстырып, диалог (фантастикалық) құраңыздар (2 минуттық).
  • «Аспан әлеміне саяхат» тақырыбында берілген тірек сөздерді қатыстырып, мәтін құраңыздар (2 минуттық).

Тірек сөздер: ғарыш әлемі, өзге ғаламшарлық, ерекше ғаламшар, қызықты оқиға, таңғажайып көрініс, аспан денелері

Тапсырманы орындап болған соң, сәтті шықты деген әңгіме немесе диалог ортаға салынады.

Талқылау сұрағы: С

Екі мәтіннің бір – бірінен қандай айырмашылығы бар?

Мәтіндердің түрі, тілінде қандай айырмашылықтар байқадық?

 Оқылым тапсырмасы

 1-тапсырма:

 Сыныпқа оқуға 2 мәтін ұсынылады.

  • Жылдам оқу.

Берілген мәтіндерді көз жүгірте оқып, бұл жерде қандай ақпарат қамтылғанын анықтауға арналған тапсырма. Тапсырманы орындауға 1минут қана беріледі.

Тапсырма: Мәтінмен танысып шығыңыздар.

Мәтін тақырыбын анықтап, не жайында екендігіне болжам жасаңыздар. Өз ойыңызды жұбыңызға айтыңыз.

  • Сөздік қорды толықтырайық

Тапсырма:

А4 парағына екі мәтінде кездескен, ерекше қолданыстарды, сөз тіркестерін (термин сөз, көркемдегіщ құралдар т.б.) және олардың мағынасын түсіндіріп жазып, ғарыш тақырыбындағы сөздік қорыңызды қатарын толықтырыңыздар.

3.Салыстырайық

Тапсырма:

Алдыңғы тапсырмада толтырған парақтарыңызда қолданып, екі мәтіннің стилін салыстырайық.

А мәтіні

Ә мәтіні

Жазба / Ауызекі

Жазба /ауызекі

Дәлелдер:

1.

2.

3.

Дәлелдер:

1.

2.

3.

Талдауды берілген шаблонда топта орындайды. Орындап болған соң, жұмыстарын галереяға іліп, қорғайды.

Мәтіндер:

 А мәтіні

 Қазақ халқында аспан денелерінің (жұлдыздар, планеталар, т.б.) кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін аспан аңыздары, астрономиялық аңыздар көп. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.

 Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді.

 Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған.

 

Ә мәтіні

Ғарыштан ұшып келген өзге ғаламшарлық Томпақ бір үйдің ауласына келіп тоқтады. Ауладағы балалар жүгіріп келіп, жан – жағынан қоршап алды.

  • Уау, мынау өзге ғаламшарлық па?
  • Мәә, құлақтарын қараңдар, қандай қызық?
  • Мәссаған, көздерін қараңдар, жанып тұр!
  • Әттең, телефоным болғанда ғой, суретке түсіп алушы едім... Сенде бар ма, Бауыржан?
  • Меніңше, ол бізді түсінбей тұр.
  • Кәне, былай тұрыңдаршы...
  • Алақай, өзге ғаламшарлықпен дос болатын болдық...
  • Ой, қызық болды ғой, балалар, енді не істейміз?

Балалар осылай шуласып жатқанда, Томпақ ештеңе түсінбей жан – жағына қарап, тұра берді.

Бағалау

 Топтар бір – бірінің кестесі мен жауаптары бойынша өзара бағалау жүргізеді.

Таратпа материал

( тірек сөздер)

Мәтіндер таратпа материал

А4 парақтары

Кесте шаблон

http://el.kz/ennews/archive/content-4284

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия «Таразы» әдісі

Мен үшін ең маңызды және күрделі ақпарат.....

Мен үшін таныс немесе жеңіл ақпарат.....

Таратпа парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу