file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Аспан әлемінің құпиялары. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары

Тараудың тақырыбы: Аспан әлемінің құпиялары

Сабақ : № 3

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Кунева Қ.Е.

Сынып: 5Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Аспан әлемінің құпиялары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

5Т\А5. Тыңдалым материалы бойынша сұрақ қою және бағалау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

ӘТН 3. Лексикалық норма:

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұнын түсініп, ақпараттарға талдау жасайды.

Көптеген оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, басқалардың сұрақтарына жауап береді.

Кейбір оқушылар: Тыңдалған мәтін мазмұнына қатысты өз көзқарасын білдіру әрекеттері арқылы мәселені талдауға қатысады.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды игерту сабағы

Құндылықтарды игерту:

 Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың адамдарды Марсқа қоныстандыруға қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, география, математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім

Бағалау критерийлері:

Сұрақтар бойынша тыңдалған мәтін мазмұнын талқылайды.

Көтерілген мәселені анықтап, өз көзқарастарын айтады.

Тәжірибеде меңгерген термин сөздерді,тақырыпқа қатысты лексикалық бірліктерді орынды қолданады.

Дескрипторлар:

Тыңдалым мазмұнындағы негізгі тірек сөздерді жазып, тура немесе ауыспалы мағынадағы қолданысын анықтайды.

Тыңдалым мазмұнындағы ақпараттарды түсінеді, жұпта талқылайды.

Мәселе бойынша өз көзқарасын білдіреді.

Мәселе шешіміне болжам жасайды.

Тыңдалымдағы ақпараттардың маңыздылығына баға береді.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология: астроном, ғаламшар, обсерватория, телескоп,өзге ғаламшарлық,зымыран, ғарыш кемесі,скафандр,галактика, жұлдыз,күн жүйесі,комета, ғарыш алаңы космодром, т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар:............................................ .

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

4 минут

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» әдісі бойынша суреттер арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын болжау ұсынылады. Болжамдары бойынша «бес жолды өлең» құрайды.

«Бес жолды өлең»

Тірек сөз -?

Қандай?_________ ________

Не істейді? _________ ________ ________.

Сөйлем. _________ ________ ________ ________.

Түйін сөз ________.

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері, дискрипторлар таныстырылады.

Слайд, суреттер

Сабақ ортасы

33 минут

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалымалды тапсырма

«Үш қадамдық сұхбат»

Оқушылар екі адамнан сұхбат алады да сол сұхбат нәтижесін қорытып, берілген сұрақтар бойынша ойларын ортаға салады.

1. Марс ғаламшары туралы қандай ақпарат айта аласыз?

2. Марс неге «қызыл ғаламшар» деп аталады?

3. Марста өмір бар деп ойлайсыздар ма?

Марс ғаламшары туралы білетін ақпараттарын ортаға салады.

Тыңдалым тапсырмасы:

Оқушылар www.BilimLand.kz сайтынан алынған және Марс туралы тыңдалымды үзілістермен тыңдайды.

1-бөлік: 0.36-ға дейін

2- бөлік: 0,36-1,27-ге дейін

3-бөлік: 1,27 – 2,01

4-бөлік: 2,01 – 03,33

Тапсырма:

  • Тыңдалымды тыңдай отырып негізгі тірек сөздерді жазып отырыңыз. Бұл сөздер немесе сөз тіркесі тура / ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын анықтаңыз. Ж

Сөз тіркесі

Тура

Ауыспалы

Жарық жұлдыз

+

Қызыл ғаламшар

+

Тіршілік көзі

+

Күннің нұры

+

Берілген қатарды оқушылар өздері толықтырады.

  • Жұпта кесте бойынша талқылайды, бірін – бірі толықтырады. ЖЖ

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Ж

«Пирамидалық талқылау»

Нұсқаулық:

Берілген сұрақтар бойынша топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылай келе ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазады, ойларын қорғайды.

Бұл тапсырманы орындамас бұрын оқушылар деңгейлері бойынша топтастырылады. Бұл топтасуды мұғалім оқушылар алдыңғы тапсырманы орындап отырған кезде орындық арқаларына түрлі- түсті стикер жабыстырап кету арқылы ұйымдастыруына болады.

Оқушылар тыңдалым бойынша Блум таксономиясы бойынша тыңдалымнан алған ақпараттары бойынша сұрақтарға жауап береді. Берілген уақыт ішінде топ қай деңгейге дейін орындай алатындығы қадағаланады.

(Деңгейлік тапсырма)

Тапсырма: Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Деңгей

Тыңдалым бойынша тапсырма

Жауап

Білу және түсіну

Тыңдалымнан қандай ақпарат алдыңыз?

Бейнебаян не туралы?

Қолдану

Адамдардың Марсқа қоныстануы туралы ақпаратқа сіздің көзқарасыңыз қандай?

Талдау

Марсты игеру адамдарға не үшін керек?

Қалай игеруге болады? Болжам жауап.

Жинақтау

Егер Марсты игеру іске асатын болса, осыдан қандай нәтиже күтуге болады? Өз шешіміңізді көрсетіңіз.

Бағалау

Тыңдалымдағы ойды бағалаңыз. Марсты игеру дұрыс деп ойлайсыз ба? Марсты игерудің жетістіктерін немесе кемшіліктерін атаңыз. Қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?

«Пікірлер алаңы» С

Оқушылар алаңда өздерінің жазған жауаптарын қолданып, пікірлерін ортаға салады. Лексикалық норманы қолдануда тыңдалымалды тапсырмада толтырған кестелерін пайдалануға болады.

Ерекше креативті жауаптар анықталады.

 Бағалау / кері байланыс

«Бір жұлдыз, бір тілек»

 Топтар бір-бірінің жұмысын, бүгінгі сабақтан алған білімін бағалайды.

 Оқушылар сабақта маңызды, пайдалы болған кезең туралы және келесі сабаққа ұсыныс, тілек айтады.

http://bilimland.kz/index.php/catalog/lesson/12031-marsty_igeru

Кесте, таратпа материал

Пирамида шаблоны

Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия «3-2-1»

Сабақта алған 1 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 1 мәселе

Сабаққа қатысты 1сұрақ

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу