Бабалар мұрасы. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ғасырлар қойнауынан Сынып: 5 20.04.18 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова С.C Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бабалар мұрасы | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.4.1 тақырып бойынша дәлелдер келтіре отырып, өз ойын түйіндеп айту 5.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | *Ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынастыққа үйрету *Жұмыс орындау барысында жауапкершілікті арттыру. | |||||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы |
| |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||
АКТ | Презентация | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Менің елім-менің жерім | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 минут |
Бұл суреттен не көріп отырсыңдар? Олар туралы не айта аласыңдар? Жұмбақ (жұмбақтағы қай сөздер көмектесті) Зыр қағады дөңгелеп, Бас жағында қалпағы. Белiнде өспей әңгелек, Басылмайды тарпаңы.
(Ж.ж.) Осы сөздің әр әріпіне әжеге тән қасиеттерді жазыңдар. Ұ- Ұқыпты, ұйымшыл Р- Рақымды Ш- Шыншыл, шыдамды Ы- Ырымшыл Қ- Қамқор, қайырымды | Слайд 1 https://www.youtube.com/watch?v=hexOj8LqKZA | ||||||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Мәтінмен таныстыру. Ұршық Әжеміз қартайды. Бірақ соның өзінде қусырып қарап отыра алмайды. Ауылдағы ағайындарға келім-кетім адамдардан сәлем жолдап, түйенің шудасын, ешкінің түбітін алдырып тұрады. Күн көзі ашы, жайма шуақ күндері немерелерін жанына жинап алып, түбітті қылшығынан тазартады, жүн түтеді. Қойдың майы, шүйкенің шуашы сіңіп, әбден күстенген көне ұршықты суретші келіні қырнап-қырнап, сырлап-сырлап, содан кейін үстінен лак жүргізген. Енді көрсең, көздің жауын алады. Қысқа көйлекті, ұзын сирақты немер қызы сияқты өзінің. Немере демекші... - Қара! Қара! – деді үш-төрт жасар немере қызы. – Аумаған балерина! Башпайының ұшында тұрып шыр айналады. Билеп жүр! - Екеуіңдікі де дұрыс,- деді әжесі. – Дәлірек айтар болсақ, билеп жүріп шаруасын тындыруда. Шын көңілмен, шын ықыласпен істеген жұмыс қана сапалы болады. Еңбекті қуаныш деп түсінетін адам ешқашанда қартаймайды. Біреуден бірдеңе үйрену керек болса, алдымен мен осы Ұршықтан үйренер едім! Мазмұнын түсінгенін тексеру мақсатында «Иә, жоқ» ойыны. * Әже қартайып еш нәрсе жасамайтын болды. (Жоқ) * Келім-кетім адамдардан түйенің сүтін, ешкінің етін алдырып тұрады. (Жоқ) * Немерелерімен бірге жүн түтеді. (Иә) * Биші келіні ұршықты сәндеді. (Жоқ) * Ұршық балеринаға ұқсайды. (Иә) * Шын көңілмен істелген жұмыс қана сапалы болады. (Иә) * Ұршықтан көп нәрсе үйренуге болады. (Иә) Сергіту сәті. (Т.ж.) Сендер өздеріңнен кейінгі ұрпаққа нені мұра етіп қалдырар едіңдер? (постер жасап жұмыстарын қорғау) |
| ||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үй тапсырмасы: «Шын көңілмен істеген жұмыс қана сапалы болады» - деген әженің сөзімен келісесіңдер ме? Өз пікіріңді жаз. Рефлексия | Слайд | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
| Жұптық жұмыс барысында жұптар бір-бірін өзара бағалайды Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды («Екі жұлдыз, бір тілек») |
| ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?