Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері. Қазақ тілі, 5 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ
Мәтінмен танысу.
(Жеке танысып, жұпта әңгімелеңіз)
«Мейірімді ала құлан» ертегісі
Ертеде Африкада жолақты кішкентай ала құлан (зебра) өмір сүріпті. Ол ақкөңіл және мейірімді екен. Ала құлан Африка жануарларының бәрімен де тату-тәтті өмір сүріпті.
Бірде құрылысшылар келіп, бұлар мекендейтін аймаққа үлкен жол салған екен. Бұл жолмен автобустар, жеңіл және жүк көліктері тоқтаусыз ағылып жүре бастапты. Еркіндікте өмір сүріп үйренген Африка жануарлары енді жолдың арғы бетіне өтуге қорқатын болыпты.
Бірде түйеқұс жолдың арғы бетінде тұратын әпкесіне қонаққа бармақшы болады. Ол жолдан өтуге қорқып ала құланға
Бүгін жолдың арғы бетінде тұратын әпкеме қонаққа бару керек едім. Бірақ үлкен жолдың арғы бетіне өтуге қорқып тұрғаным депті. Сонда ала құлан көп ойланбастан
Жүр, мен саған жолдың арғы бетіне өтуге көмектесейін депті. Екеуі жолға жақындағанда ала құлан жолдың ортасына барып тұра қалады. Осы кезде ары-бері ағыл-тегіл тоқтаусыз өтіп жатқан көліктер тоқтаған екен. Өйткені ала құланның терісіндегі жолақтары алыстан жарқырап анық көрінетін еді. Түйеқұс болса көліктердің тоқтаған сәтін пайдаланып, жолдың арғы бетіне өте шығады. Ол ала құланға
Саған үлкен рахмет деп ары қарай кете барады. Міне осыдан кейін жаяу жүргіншілерге арнап жолақ сызық белгілері салынатын болыпты. Жүргізушілердің барлығы осы жолақ сызықты көргенде тоқтап, әрқашан жаяу жүргіншілерге жол береді екен.
Мәтін бойынша төл сөз, автор сөзінің тыныс белгісін қойып,
төлеу сөзге айналдырыңыз.
(Қабілеті жоғары оқушылар төл сөз автор сөздерінің орындарын ауыстырып, тыныс белгілерін қояды).
Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем | Сызбасы | Төлеу сөзге айналдыру |
| ||
Сергіту сәтінің тапсырмасы. Оқушылар жүргіншілерге жолақ жолдан өтуге көмектесу үшін жеке қағаздарға жазылған жолдар мен олардың сипаттамаларын сәйкестендеру қажет.
1-топқа
Жол түрлері | Сипаттама |
Айрық жол | екіге, үшке айрылған жол. |
Торап | жолдардың тоғысқан түйілісі. |
2-топқа
Арба жол | көлік жеккен арба жол. |
Аспа жол | аңғар үстінен асылдыра салған ілме жол. |
3-топқа
Асу жол | тау жотасын, биік қыратты басып өтер өрлі жол. |
Даңғыл жол | сайрап жатқан тегіс, тақтақ жол. |
4-топқа
Соқпақ | адам, мал жүріп әбден тапталған жалғыз аяқ жол. |
Сүрлеу | көптен бері жүрілмеген көмескі жол. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?