Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 9 сабақ
Қызығушылықты ояту. Топтарға бөліну
Елді мекендерде жаяу жүргіншілерге арналған жол түрлері
Жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жол.
Жаяу жүргіншілерге арналған жиек жол.
Жаяу жүргіншілерге арналған жер асты жолы.
Жаяу жүргіншілерге арналған аспа жол (көпір).
Сабақтың тақырыбы:
Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілері
Сабақтың мақсаты:
Пунктуациялық норма. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.
1.Тілдік бөлім
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздердің тыныс белгілері.
Ж.Ж
Оқылым алды сұрақ:
Көлік жолында салынған жолақ жолдың жаяу жүргінші
үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыздар?
«Мейірімді ала құлан» ертегісі
Ертеде Африкада жолақты кішкентай ала құлан (зебра) өмір сүріпті. Ол ақкөңіл және мейірімді екен. Ала құлан Африка жануарларының бәрімен де тату-тәтті өмір сүріпті.
Бірде құрылысшылар келіп, бұлар мекендейтін аймаққа үлкен жол салған екен. Бұл жолмен автобустар, жеңіл және жүк көліктері тоқтаусыз ағылып жүре бастапты. Еркіндікте өмір сүріп үйренген Африка жануарлары енді жолдың арғы бетіне өтуге қорқатын болыпты.
Бірде түйеқұс жолдың арғы бетінде тұратын әпкесіне қонаққа бармақшы болады. Ол жолдан өтуге қорқып ала құланға
Бүгін жолдың арғы бетінде тұратын әпкеме қонаққа бару керек едім. Бірақ үлкен жолдың арғы бетіне өтуге қорқып тұрғаным депті. Сонда ала құлан көп ойланбастан
Жүр, мен саған жолдың арғы бетіне өтуге көмектесейін депті. Екеуі жолға жақындағанда ала құлан жолдың ортасына барып тұра қалады. Осы кезде ары-бері ағыл-тегіл тоқтаусыз өтіп жатқан көліктер тоқтаған екен. Өйткені ала құланның терісіндегі жолақтары алыстан жарқырап анық көрінетін еді. Түйеқұс болса көліктердің тоқтаған сәтін пайдаланып, жолдың арғы бетіне өте шығады. Ол ала құланға
Саған үлкен рахмет деп ары қарай кете барады. Міне осыдан кейін жаяу жүргіншілерге арнап жолақ сызық белгілері салынатын болыпты. Жүргізушілердің барлығы осы жолақ сызықты көргенде тоқтап, әрқашан жаяу жүргіншілерге жол береді екен.
Ж.Ж 1.2. Практикалық бөлім
Мәтін бойынша төл сөз, автор сөзінің тыныс белгісін қойып,
төлеу сөзге айналдырыңыз
Дескрипторлар:
1.Жазылымда төл сөз бен автор сөзі, төлеу сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады.
2.Төл сөз бен автор сөзінің орнын еркін ауыстыра алады.
Кері байланыс: «Үш шапалақ» әдісі.
Сергіту сәті. Жүргіншілерге жолақ жолдан өтуге көмектесу үшін берілген жолдар мен олардың сипаттамаларын сәйкестендеріңіз.
Айрық жол -
екіге, үшке айрылған жол.
Торап -
жолдардың тоғысқан түйілісі.
Арба жол -
көлік жеккен арба жол.
Аспа жол -
аңғар үстінен асылдыра салған ілме жол.
Асу жол -
тау жотасын, биік қыратты басып өтер өрлі жол.
Даңғыл жол -
сайрап жатқан тегіс, тақтақ жол.
Соқпақ -
адам, мал жүріп әбден тапталған жалғыз аяқ жол.
Сүрлеу -
көптен бері жүрілмеген көмескі жол.
Хабарландыру – бір нәрсе туралы хабарлау мақсатында газетке, журналға, басылған немесе бір жерге ілініп қойылған мәтін.
Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.
Жазылым.
Сіздің мектебіңіздегі 4-сынып оқушылары
арасында «Бағдаршамның үш көзі»
тақырыбында мектеп ауласындағы асфальтта сурет салу байқауы өтпекші. Оқушыларды байқауға қатысуға шақырған хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру құрылымын сақтаңыз. (60-80 сөз)
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дескрипторлар:
1.Хабарландыру құрылымын сақтап жаза алады.
2.Хабарландыру түрлерін ажырата алады.
Кері байланыс: «Бармақпен бағалау» әдісі
Рефлексия
Ақ түс – мен үйрендім.
Қара түс – үйренгім келеді.
Үйге тапсырма:
1.Tөл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін сақтай отырып, жол белгілері арасында диалогке құрылған ертегі жазу (25-30 сөйлем)
2. Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерінің суреттерін салып келу (кемінде 3 сурет)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?